Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Ғабит Мүсіреповтың туғанына 110 жыл толуына орай ақпарат сағаты өтті
10.04.2012 23:13

Балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында «Қазақ әдебиетінің көркемсөз зергері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 110 жыл» толуына орай Педагогикалық институттың студенттерімен бірге ақпарат сағаты өткізілді.

Іс-шара мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру.

Шара барысында кітапханашылар жазушының өмірі мен еңбек жолын таныстыра отырып, сөз кезегін Педагогикалық институттың филология факультетінің әдебиет пәнінің мұғалімі Ақшолақова Ләззат Қызырханқызына берді. Баяндама барысында слайд көрсетіліп, викториналық сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар Мүбәрәк Әуетай мен Қуанған Серік Ғ.Мүсіреповтың 110 жылдығына арналған «Мүсірепов», «Мұхтар аға» өлеңдерін тарту етті. Шара соңында студенттерді ақпарат сағатына арнайы ұйымдастырылған көрмемен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

LAST_UPDATED2