Балалар және жасөсіпірімдер кітапханасында «Кітап сенің барлығыңа рахмет» атты ертеңгілік өтті
06.04.2012 21:14

0772012 жылдың 2-сі мен 23-ші сәуiр аралығында ОКЖ-да жарияланған кітап мерекесі аясында, №1,17,26 мектептердің бастауыш сыныптың оқушыларымен бірге Балалар және жасөсіпірімдер кітапханасында «Кітап сенің барлығыңа рахмет» атты ертеңгілік өткiзілдi.

Ертеңгіліктің мақсаты: балаларды оқуға қызықтыру.

Залдың ресiмдеуi: «Кітап, сенің барлығына рахмет» атты кiтап көрмесi, «Кітап мерекесі» ертегі бұрышы, «Туған өлкем», кiтаптар туралы дәйексөздер.

Ертегi қаhармандардың костюм киiген кiтапхана қызметкерлері мерекенiң тарихымен оқушыларды таныстырып, кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы айтып өтті және кітап туралы слайд көрсетілді.

«Білімімізді ортаға салайық» сұрақ жауап ойыны өткізілді, «ғалымның мысығы» жұмбақпен берілген тапсырманы балалар белсене орындады, өлеңдер оқылып, әндер айтылды.

Ертеңгілікті №17,26 мектеп оқушыларының дайындаған музыкалық нөмірлері әрлендіре түсті.

Шара қызықты өттi, оқушылар белсене араласты, музыкалық нөмiрлер көтеріңкі көңіл күй сыйлады.