ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесінде «Әлем таныған Әуезов» атты өлкетану сабағы өткізілді
06.04.2012 21:05

Шараға №8 мектеп-кешенінің «Жас қаламгер» студиясының мүшелері мен студия жетекшісі Айсрахунова Айгерим Марияханқызы қатысты.

Шараны өткізу мақсатымыз: Жазушының өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға кеңінен таныстыру, өткенді саралау, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы ақпарат беру.

Сабақ М.О.Әуезовтың өмірі мен өнерi туралы әңгiмеден басталды, ерекеше ықылас оқырмандарыдың сүйіктісіне айналған «Абайдың жолы», «Көксерек» романдарына бөлінді. Шараға қатысушылар көрсетілген слайдқа қызыға қарады, өлкетану сабағына белсене қатысты – «Абай жолы» романын оқығанда алған балалық әсерін Қайратова Назым айтып өтті, ал «Жас қаламгер» студиясының мүшелері Қадірхан Әйгерім, Молдажанова Диана, Қабірхан Мират, Мұратова Айзада, Қанатова Айзада мерей той иесіне арналған өз өлеңдерін оқыды. Ал 10 сынып оқушысы Түсіпбек Ғанибек заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінен үзінділер оқыды.

Өлкетану сабағының соңында «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.


SAM 1952 SAM 1964
LAST_UPDATED2