Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық «Абай» журналының бас редакторы, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Мұратбек Оспановтың 50 жылдық мерейтойына орай «Ақын – елдің арқауы» кездесу кеші болып өтті.
03.04.2012 22:01

1Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа өлкеміздің тарихымен, ескерткіштерімен, ақын- жазушыларымен таныстыруда кітапхананың алатын орны еркеше. Осы орайда Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық «Абай» журналының бас редакторы, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Мұратбек Оспановтың 50 жылдық мерейтойына орай «Ақын – елдің арқауы» кездесу кеші болып өтті. Кешке «Радиотехника және байланыс» колледжінің 1 курс студенттері қатысты.

Кездесу кештің мақсаты: жергілікті ақын М. Оспановтың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, автордың шығарған жыр жинақтарын оқушыларға таныстыру.

Шара барысында кітапханашылар ақынның өмірі мен еңбек жолын таныстыра отырып, сөз кезегін ақынға берді. М.Оспановтың шығармашылығына арналған слайд көрсетілді. «Радиотехника және байланыс» колледжінің студенттері де ақынға қызықты сұрақтар қойып, өлеңдерін оқыды. Әсіресе Мамырбекова Аяулымның ақынға арнаған арнауы өте жақсы шықты. Кеш барысында ақын «Таңдайдағы тамшылар», «Жырұйық», «Сүмбіле» атты кейінгі шыққан кітаптарынан өзінің өлеңдерін оқыды. Шара соңында кітапханашылар ақынды мерейтойымен құттықтап, сыйлық табыстады.

Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа өлкеміздің тарихымен, ескерткіштерімен, ақын- жазушыларымен таныстыруда кітапхананың алатын орны еркеше. Осы орайда Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық «Абай» журналының бас редакторы, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Мұратбек Оспановтың 50 жылдық мерейтойына орай «Ақын – елдің арқауы» кездесу кеші болып өтті. Кешке  «Радиотехника және байланыс» колледжінің 1 курс студенттері қатысты.