№2 кітапхана-бөлімшесінде Халықаралық кітап мерекесіне арналып «Жас суретшілер» үйірмесі аясында №20 мектептің 3 «В» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап - менің досым» атты ертеңгілік өтті.
14.04.2018 11:32
4 5 6

Шара басында кітапханашы балаларды бүкіл әлемде аталып өтілетін тамаша мереке - Халықаралық балалар кітабы күнімен құттықтады. Бұдан соң слайд-тұсаукесерінің көрсетілімімен мерекенің шығу тарихы және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеп берді.

Ежелден адамдар кітапты жоғары бағалағанын, оның ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан әлем әдебиетінің байлығы екенін әңгімесіне арқау етті. Шара барысында балалар кітап, әдеби кейіпкерлер туралы тақпақтар оқып, өлеңдер айтып, би биледі, ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін жасап көріністер көрсетті. «Балалық шақтың ертегілері» атты слайд-викторинаға қатысып, сұрақтарға жауап берді. Ең белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталды.

Ертеңгілік соңында кітапханашы «Кітап әлемінде» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасады.