Жыр жолдары
21.03.2012 09:23

Елтұлға

 

 

Алланың нұры аспаннан құйылған ағам,

Әр сөзі балдай жағады шынында маған.

Ақылы - патша, ағылған білімі - теңіз,

Қазақтың ғана бағына бұйырған адам.

Елордамыздың егесі Есілге қонған,

Шамдары жарық, көшесі көсілген аудан.

Далаға қала тұрғызып, тұлғасы бөлек,

Көрегендіктен кемеңгер шешімге барған.

Қалайша енді шабытпен шарықтамайын,

Күніміз күліп, төбемде қалықтап Айым.

Тұнығым тұнып тұрғанда - тұғырым биік,

Жылуын құйған жүректің халыққа дәйім.

Билер де болған тарихта, хандар да болған,

Азаттық аңсап, кеудесі арманға толған.

Қолымды соған жеткізген кемелім менің,

Қыраным десем жарасар заңғарға қонған.

Әлеммен қазір теңелді терезем менің,

Шаңырағымыз - шуақты, керегем - керім.

Жұмыр жер бетін қабакқа қаратқан тұлға,

Қасиетімен шаттыкқа бөлеген елім.

Өткердік талай өмірдің бұралаң кезін,

Күндер де кетті келмеске сынаған төзім.

Қазақтың атын алтынмен жаһанға жазған,

Көлікті көштің басшысы, Нұрағам, өзің!

Мүратбек ОСПАНОВ,

Қазақстан Жазушылар Одагының мүшесі,

республикалық "Абай"журналының Бас редакторы.

Семей.

Елтұлға // Ертіс өңірі. - 2011. - 6 сәуір. - Б. 1.

 

 

 

 

 

Сүмбілені сүйемін

 

 

Әз Наурыэ-

Менің нағыз жаңа жылым,

Бой түзеп

Түрленуде дала бүгін.

Қабағың ашылады

қарап тұрып,

Қуанған адамдарға қара-құрым.

Құгылып

Қыстың суық қаһарынан,

Дәм таттық

Алтын күннің табағынан.

Қарасаң аумай

қалған анасынан,

Ақ қозы маңырайды

жаңа туған.

Жусанның

Мұрты қайта тебіндеген,

Буаз бұт

Ақ байталдай жепіндеген.

Көк пен жер ырыздығын шашып жатыр

Ешқашан еншілері бөлінбеген.

 

Мұратбек ОСПАНОВ.

 

Сүмбілені сүйемін // Семей таңы. - 2011. - 22 наурыз. - Б. 3.

 

 

Бұлбұлы тілін емізген

 

                         Бақыт

Бармақтай бақты бармақтай құсқа теңеген,

Қазағым менің ғажайып едің не деген.

Шаншыған жүрек, қаңсыған кеуде аумайды,

Қазығұрттың басында қалған кемеден.

Осы бір сөзді күмбірлей жеткен көнеден,

Қуғанмен қанша үстай алмай-ақ келем мен.

Бақытты болып, бақытты тағы аңсаймыз,

Тойымсыз еді көңіл шіркінің не деген.

Уыстап тұрып ұстасам қолға сенер ем,

Не құдыреті барлығын ашып көрер ем.

Қатырып басты бақытты іздеп шабасың,

Құс болып ұшып шыққанша жаның денеден!

  

           Төгемін ойдың тұнығын

Анадан алғаш туғанда

жаратылған соң ақын боп,

Алдымда Абай тұрғанда

жаман жазуға хақым жоқ.

Шәкәрім сынды жанымның

қалтарысына бойлаймын,

Найзағай жырды ойнатам

кей кезде өткір Қасым боп.

Көкпайдай сөзді сапырсам

айыптай көрме ағайын,

Мұқағалидың мұң-зарын

кеудеме кейде жамаймын.

Жұматай менен Жарасқан,

Кеңшілік шығып алаштан,

Өмірге сыймай өртеніп,

артынан кеткен солардың.

Бірінен тілді үйренсем

бірінен ұйқас үйрендім,

Қара өлең деген қамырды

өзімше бірақ илермін.

Аспаннан түскен жайым жоқ,

барлығын алдым халқымнан,

Тапқырлық оқып шешеннен,

нақылын ұғып билердің.

Шыңғыстау туған өңірім

Төлеген ақын ұстазым,

Батырып айтсам тілімді -

бағытын соның ұстадым.

Жақсылық көрсем жанымды

алдына жайып саламын,

Жасырып оны қайтемін.

жамандық - мәңгі дұшпаным!

Біреулер мұны түсінбей

"білгішсіп" мынау жүр дейді,

Бетіме тура айта алмай.

сыпсыңдап сырттан күндейді.

Ақын дегенің білсеңіз -

барометрі өмірдің,

Саралап өлшеп тұратын

көлеңке менен күнгейді.

Содан ба деп те ойлаймын

жүрекке салмақ көп түссе,

Жеткізбей қойды ақынға

ақ сақалды жас жетпіс те.

Мерғали ағам ол кетті

қаламын мұңға матырып,

Ойласам болды қамығып,

толады кеудем өксікке.

Тілімен тапқан тірлігін

ақынның мен де бірімін,

Теңіздей терең өлеңге

өзен боп құйған інімін.

Қолымнан қалам түскенше

қазақтың қамын ойлаумен,

Қисынын сөздің кестелеп,

төгемін ойдың тұнығын!

      

                 ***

Бұлдырық ұшып көгінен,

Бұлағы шаштай өрілген.

Бұлты қабақ түйгенде

Бұршақтап жауын төгілген.

Бұтасына қонып ап,

Бұлбұлы тілін емізген.

Буыршындай таулары,

Бұйра басты баулары,

Бұлдырап әрең көрінген.

Бұлқынып жатқан даланың,

Бір баласы едім мен!

Қасқалдақтың қанындай,

Қарағайдың майындай.

Қара суы сорпадай,

Қайсарлығы қайындай.

Қара түнді тіледі,

Қайқы қылыш - жарық ай.

Қабақ қағып бір-бірі,

Қылмыңдаған жұлдызы,

Қуырылған тарыдай.

Қайран байтақ жерімді,

Қалай тұрам сағынбай?!

 

             ***

 

Белең, белең, белең көп,

Белге шықтым елеңдеп.

Бетеге мен жусаны.

Безді алдымнан елең боп.

Шағыл құмда шағылдым,

Шабыт қуып сабылдым.

Шарасына сінді ол,

Шалқып аққан сағымның.

Табанымды тас тіліп,

Талабымды басқа ұрып.

Тамағыма тас тығып.

Тағы алдымнан қашты үміт!

Тепең-тепең шабамын,

Терге езіліп барамын.

Теңгедей боп етігім,

Тебен болды таяғым.

Қашан сені табамын,

Қашып жүрген қарағым.

Қара бала қамықты,

Қабағына қарағын?!

Түріп түннің етегін,

Таңнан тағы кетемін.

Тескентауда болсаң да,

Түбі саған жетемін!

 

Мұратбек ОСПАНОВ.

 

Бұлбұл тілін емізген // Парасат – 2004. - №7. - Б. 16.

 

LAST_UPDATED2