Шығармалары
21.03.2012 09:14

1Таңдайдағы тамшылар. Өлеңдер мен поэмалар.- Астана. Астана – полиграфия, 2008. - 232 б.

 

Ақын Мұратбек Оспановтың бұл кітабына қазақ елі тәуелсіздік туын көтергеннен кейінгі кезенде жазған жырлары іріктеліп алынып отыр. Тақырып аясы кең, тапқыр тіркестері мол өрнекті жырлар оқырманды өзімен бірге жетелеп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2Сандықтас. - Алматы: Жанар, 1997. -160 б.

Өлеңдер, балладалар мен толғаулар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3Жырұйық. Өлеңдер. - Семей: Ғалам Шар, 2005.- 240 б.

 

Аңызға тұнған қасиетті қазақ даласының Асан қайғыдай абыз тұлғасы желмаяға мініп Жерұйықты іздесе, сол бабамыздың бүгінгі ұрпағы Мұратбек Оспанов өлең атты киелі өлкеде «қаламға мініп Жырұйықты іздейді. Күнді айналған жер шарымен ақын қиялы қоса қабаттасып, әр қиянға бір салады. Содан да болар қалыптасқан дәстүрді бұзып, бөлімдерін айналым деп атаған екен. Оқып отырғанда «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» деген ұлы Абай сөзі тағы алдымыздан шыққандай.

Ақын аңсаған көмбесіне жетіп, жерұйығын тапты ма? Ол жағын осы кітапты қолына алған қалың қауымның өзіне қалдырайық.

 

 

4Дүние дидар. Өлеңдер, балладалар, толғаулар, поэмалар.- Семей, 2004.-288 б

 

Ақынның кезекті жыр жинағына кейінгі жылдары жазған шығармалары топтастырылған Кітап негізгі үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде табиғат суреттері, адам мен қоршаған ортаның байланысы, қарапайым тіршілікте кездесетін кейбір келеңсіз жайлар өлең тілмен өрнектеліп, автор көзқарасын айқындап жатады.

Ал екінші бөліміне поэзияның көлемді түрі – толғау мен балладалары топтастырылса, үшінші бөліміне поэмалары енгізілген.

Мұратпек Оспановқа тән қасиет – жыр дестелерінің поэтикалық қуаты күшті, тілі шұрайлы, ойы орнықты. Сондықтан жыр сүйер қауымның жүрегіне жол табатынына сеніміміз кәміл.

 

5Сүмбіле: өлеңдер. - Семей, 2005. - 240 б.

 

Ақын Мұратбек Оспановтың «Сүбіле» атты үшінші кітабы бертінде жазған жаңа өлеңдерден тұрады. Екі бөлімнен құрылған, бас-аяғы жұп – жұмыр еңбек ақынның тағы бір белеске шыққаннын танытқандай. Тақырып ауқымы кең, әрі кенеулі жырлар оқырманды алуан ойға жетелейді.

LAST_UPDATED2