Өмір жолы
21.03.2012 09:12

1962 жылы 26 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қарауыл селосында туған. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

1979 жылы Абай аудандық «Совхоз туы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы болған. 1989 жылы Семей облыстық «Семей таңы» газетінде, 1990-1992 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Шығыс облыстардағы меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1992 жылдан «Абай» журналының жауапты хатшысы, 2003 жылдан бері сол журналдың Бас редакторы болып қызмет істейді.

Ақынның өлеңдері «Аудитория» атты жастардың ұжымдық жинағына енген. 1997 жылы «Сандықтас», 2004 жылы «Дүние дидар», 2005 жылы «Сүмбіле» атты жыр жинақтары жарық көрген.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы.


Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 315.