21.12.2010 09:26

IMG_4010

10 желтоқсан күні. Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған мерекелік кеш өтті. Кешке №1, 17 мектептің 5 сынып оқушылары қатысып  «Тәуелсіздік таңы» атты көрме ұйымдастырылды.

Қазақстан - біздің Отанымыз болып саналады, өйткені мұнда біздің әкелеріміз, аталарымыз, туыстарымыз мекен етеді. Елбасы Н. Назарбаевтың «Біздің Отанымыз біреу ғана. Ол -Қазақстан. Біздің еліміз -тәуелсіз, мақсатымыз -бейбітшілік пен тыныштық» деген сөздері кештің арқауы болды.

ҚР әнұраны орындалды. Кешке қатысушылар тәуелсіздікке арналған өлеңдері мен «Атыңнан айналайын Қазақстан» атты әдеби үзінділерін оқыды. Жас оқырмандар желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанаова, Ербол Сыпатаевтың ерліктерін және КССР кезіндегі бірінші секретарь Д. Қонаев туралы мағлұмат- тар тыңдап, 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасында ерлікпен құрбан болған азаматтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кеш соңында оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақстан туралы не білесің?», «Әріптерді таңда» атты экраннан қызықты ойын -сайыстар ұйымдастырылды. Балалар белсене ат салысып, өз ойларын ортаға салды.

Кешке қатысушылардың ән -жырымен, билерімен залдың іші көңілді күйге бөленді.

IMG_4074 IMG_4080