Орталық қалалық кітапханада Бүкілдүниежүзілік СПИДке күрес күніне арналған «Салауаттылық өз қолымызда» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.
08.12.2010 19:46

 

10Орталық қалалық кітапханада Бүкілдүниежүзілік СПИД-ке күрес күніне арналған «Салауаттылық өз қолымызда» атты «дөңгелек үстел» өткізілді. Бұл «дөңгелек үстелді» Орталық кітапхананың Дамыту және әдістеме бөлімінің қызметкерлері өткізді. Осы «дөңгелек үстелге» ОҚЖ бөлімшелерінің кітапханашылары,  Сервис колледжінің 3 курс студенттері және қалалық Салауатты өмір салты орталығының қызметкерлері, сондай-ақ, қалалық ЖҚТБ/АҚТҚ орталығының дәрігері қатысты.

Бұл «дөңгелек үстелдің» мақсаты: Қазақстанда ЖҚТБ/АҚТҚ індетінің таралуы жайлы студент-жастардың ақпараттану дәрежесін көтеру, ЖҚТБ/АҚТҚ сұрақтарына байланысты сақтандыратын хабарлама беру, жастар арасында АҚТҚ жұқпаларын жұқтыруының негізгі себептері мен қаупін көрсету.

ЖҚТБ/АҚТҚ індеті шамадан тыс өте жылдам таралады. Қазақстан Республикасының осы уақытқа дейінгі елге қатысты 9АҚТҚ жұқпалы мөлшерден төмен таралса, 2010 жылы індеттің таралу қарқыны әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып отыр. Қазақстанда АҚТҚ жұқпаларын жұқтырғандардың жартысынан көбі жеткіншектер мен жастардың үлесіне тиеді. Дөңгелек үстел барысында қалалық ЖҚТБ/АҚТҚ орталығының дәрігері Қазақстанда және өз қаламызда ЖҚТБ/АҚТҚ індетінің таралуы жайлы ақпарат беріп, статистика зерттеулері бойынша қаламызда қанша  ЖҚТБ/АҚТҚ жұқтырушыларынынң санын  мысалға келтірді. АҚТҚ-ның берілу жолдары жөнінде және АҚТҚ қалай берілмейтіні жөнінде ақпараттар берді.

Салауаттылық орталығығның қызметкерлері АҚТҚ жұқпаларын жұқтырудың негізгі себептері қаупі , есірткіні қолдану және қауіпті жыныстық қатынас екендігін айтып, жастардың саналы өмір сүру үлгілерін  түсіндірді. Осы «дөңгелек үстелде» роликтер көрсетіліп, плакаттар мен буклеттер таратылды. Колледж студенттерімен кітапханашылар талқыланған сұрақтарға белсене араласып, сконвордтар шешіп, осындай өткізіліп отырған іс-шараның жастарға тигізетін пайдасы мол 11екенін және  жастарға үлкен ой салатынын атап өтті. Дамыту және әдістеме бөлімінің қызметкерлері дайындаған «Болашақты қаһарлы дерттен қорғайық» атты слайд көрсетіліп, «Адамзат үшін салауатты өмір жасайық» кітап көрмесі безендіріліп, оған шолу өткізілді. Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі құрастырған «Дені сау жастар – жаны сау ұлт» атты әдістемелік құрал ОҚЖ кітапханашыларына таратылды.

LAST_UPDATED2