Шәкәрім (1858-1931)
14.03.2012 20:11

224 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленген. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді. Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ өмірінде болған оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық» (1877), «Жастар туралы», «Кәрілік туралы» (1979), «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты өлең-жырларын жазды. Абайдың кеңесі бойынша «Қалқаман-Мамыр» дастанын жазды (1988). «Еңлік-Кебек», «Қодардың өлімі», «Крез патша» дастандарының авторы.

 

1905 жылы қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, Стамбул, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын (1911), «Мұсылмандық шарты» еңбегін жазды (1911). Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоудың (1811-1996) «Том ағайдың балағаны» романын, Л.Н.Толстойдың «Асар-хайдон патша», «Үш сауал» т.б. әңгімелерін, А.С.Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын нәзира үлгісімен жырлады (1907).

 

 

Әдебиет:

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Б. 428.

Ол туралы:

 

Аллабергенұлы, Д. Деді бір ой "көзіңді аш" [Мәтін] / Д. Аллабергенұлы // Дидар. - 2008. - 28 маусым. - Б. 6.

Әбділдин, Жабайхан. Алаш азаматтарының ақталуы [Мәтін] / Ж. Әбділдин // Абай. - 2008. - №4. - Б. 2-14.

Әубәкір, Жандос. Шәкәрімнің қоңыр аты [Мәтін] / Ж. Әубәкір // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 14 тамыз. - Б. 7.

Байменше, С. Пушкин, Шәкәрім және Құбаш [Мәтін] / С. Байменше // Егемен Қазақстан. - 2011. - 25 мамыр. - Б. 10.

Ғафурқызы, Кәмила. Жаралы жүрек жазылмай [Мәтін] / К. Ғафурқызы // Абай. - 2009. - №3. - Б. 72-76.

Ердембеков, Бауыржан. Алаштануға арналған еңбек [Мәтін] / Б. Ердембеков // Ертіс өңірі. - 2009. - 4 ақпан. - Б. 9.

Есім , Ғарифолла. "Мұтылған" философиясы [Мәтін] / Ғ. Есім // Егемен Қазақстан. - 2008. - 30 қаңтар. - Б. 6.

Ибрагимов, Төкен. Абай мектебі [Мәтін] / Т. Ибрагимов // Семей таңы. - 2009. - 17 қыркүйек. - Б. 3.

Исин, А. Ел сүйінген ескерткіш [Мәтін] / А. Исин // Абай. - 2008. - №3. - Б. 9-13.

Көпшікбаева, Ш. Жерлестері Төкенді төрге шығарды [Мәтін] / Ш. Көпшікбаева // Семей таңы. - 2009. - 18 маусым. - Б. 2.

Нұршайықов, Әзілхан. Сыршылдық пен нәзіктік егіз [Мәтін] / Ә. Нұршайықов // Жалын. - 2009. - №2. - Б. 87-91.

Омаров, Асан. "Ел құтқарған топаннан..." [Мәтін] / А. Омаров // Дидар. - 2008. - 24 маусым. - Б. 4.

Омаров, Ерлік. Сабыр Рақымов [Мәтін] / Е. Омаров // Парасат. - 2009. - №10. - Б. 7-9.

Сейсенбаев, Роллан. Бар мен жоқтың өлшемі бір өзінде [Мәтін] / Р. Сейсенбаев // Ертіс өңірі. - 2010. - 14 сәуір. - Б. 10-11.

Сембай, М. "Әлемді Шыңғысхан қылышпен жауласа, Мағауин қаламмен жаулайды" [Мәтін] / М. Сембай // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 29 қаңтар. - Б. 5.

Сұлтанбеков, Мұрат. Әдебиет пен тарих үзеңгілес еді ғой... [Мәтін] / М. Сұлтанбеков // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 24-30 қыркүйек. - Б. 4.

Төлеуқоңыров, Т. Шыңғыстау көтерілісінің куәгері [Мәтін] / Т. Төлеуқоңыров // Семей таңы. - 2008. - 26 маусым. - Б. 6.

Үйсімбаев, Б. Ұлылар елінің мақсаты айқын [Мәтін] / Б. Үйсімбаев // Дидар. - 2008. - 2 тамыз. - Б. 2.

Шалқар, Қ. Жан жарасын жазатын жыр тағдыры [Мәтін] / Қ. Шалқар // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 1 мамыр. - Б. 14.

Чушекова, Ж. Шәкәрім ұрпақтарымен кездесу [Мәтін] / Ж. Чушекова // Семей таңы. - 2009. - 28 мамыр. - Б. 9.