«Еңлік-Кебек» кинотеатры
05.03.2012 00:31

Сәулет ескерткіші (1991 жылғы 9 тамыз).

Әріп Тәңірбергенов көшесі З а.

 

2Кинотеатр Москва қаласы Гипрокино институты жасаған 264-13-84 типтік жоба негізінде салынған. Жобаны «Семоблпроект» мемлекеттік жобалау институтында В.Г.Ливенцов, сәулетші В.Саркеев қайтадан жекелеп жасаған. Құрылыс кезінде «Семгражданстрой», оның бас директоры В.П.Гончаров, «Гордорстрой»» - бастығы П.Г.Решетов мердігер болған. Тапсырыс беруші - облыстық өндірістік Киногерлер бірлестігі, бастығы К.А.Асылғажин.

Кинотеатр ғимараты 8 балға шыдас беретін сейсмикалық тұрақтылық ескеріліп салынған. Қызыл залдың оригиналды алты бұрышты формасы бар. Ғимарат түсті силикатты кірпіштен салынған. Фойенің, кассалық вестибюльдің, желдету және бейне салондарының сыртқы қабырғалары әк таспен безендірілген. Фойенің қабырғалары мен едендерін әсемдеген кезде мәрмәр пайдаланылған.Витраждар, сыртқы есіктер аллюминий профилінен жасалып, витраждық әйнекпен шыныланған. Кинотаетрдың фасады «Еңлік-Кебек» аңызынан фрагменттер түрінде түрлі-түсті смальбамен өрнектелген. Тірек қабырғалары, кіреберіс баспалдақтары гранит пен тау тастарынан жасалған, гүл өсіретін орындар да гранитпен әшекейленген. Фойе мен бейне салонға жарық беру мәселесі Ақтөбедегі жарық бергіш аспаптар зауытында шығарылған оригиналды люстралар мен жарық шашқыштарды пайдалану арқылы шешімін тапқан.

Ғимараттың жалпы алаңы 121483 шаршы метр, пайдалы алаңы 21406 шаршы метр. Ғимараттың биіктігі 12,6 метр.

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 107.

LAST_UPDATED2