1918-1920 жылдары қазақ совет әдебиетінің классигі М.О.Әуезов тұрған үй
05.03.2012 00:25

Тарихи ескерткіш.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Академик Павлов көшесі, 70.

 

2Қазақ совет әдебиетінің классигі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты М.Әуезов көп ұлтты совет әдебиетін өзінің тамаша шығармаларымен байытты. Семейде өткізген жылдары жазушының Семей қалалық бес жылдық училищесі мен мұғалімдер семинариясындағы оқуымен байланысты. 1919 жылғы қараша айында М.Әуезов семинарияны бітіріп, бастауыш мектепте сабақ беру құқығына ие болады. Семей губерниясында Совет өкіметі орнағаннан кейін ол өзінің қоғамдық қызметін бастайды. 1919 жылдан бастап ол губерниялық революциялық комитетте "жат жерліктер" бөлімін басқарады.Облыстық мемлекеттік архивте М.Әуезовтың Семей губерниялық ревкомының қырғыз кіші бөлімшесінің меңгерушісі болып жүрген кездегі жеке бас ісі сақталған. М.Әуезовтың жеке кәртішкесінде оның тұратын орны да жазылған: Больничная көшесі 62 үй. Бұл үй 1869 жылы салынған Әуезов бұл үйде 1918-1920 жылдары тұрған. Қазір бұл көше Академик Павлов атындағы көше, 70, Демьян Бедный көшесі 11-13, - деп өзгертілген.

Бұл үйдің жалпы алаңы 251,8 шаршы метр. Тағаны бетонды, ленталы. Қабырғалары 2,53 кірпіштен қаланған. Төбесі ағашпен жабылып, темір шатырмен шатырланған, едені тақтай. Терезе мен есіктері қолдан қарапайым түрде жасалған. Төбесі бір жағына ғана сырғымалы, жұқа тор көзді тақтайдың үстіне 30° көлбеулікте қағылған болат жабындымен шатырланған.


Әдебиет:

Жұртбай, Тұрсын. Әуезов және Алаш идеясы [Мәтін] / Т. Жұртбай // Абай. - 2009. - N 1. - С. 23-33.

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 86.

LAST_UPDATED2