02.03.2012 08:02

Н А З А Р А У Д А Р Ы Ң Ы З ! С А Й Ы С !

 

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2012 жылдың 2-23 сәуірі аралығында

Халықаралық балалар кітап күні мен

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай

ұлы жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, қазақ әдебиетінің классигі

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 115 жылдығына

арналған қалалық КІТАП МЕРЕКЕСІН өткізеді

 

Мерекеге байланысты ұйымдастырылған төмендегідей сайыстарға қатысуға шақырамыз:

«Жұлдызды жол» көркемсөз оқу байқауы:

талаптар:

  • сайысқа қатысушылар 9-11 сыныптар;

  • талапкерлер М.Әуезовтің шығармаларынан үзіндіні жатқа оқулары тиіс;

  • шығарманы орындауда белгіленген уақыт сақталуы қажет (5 минут).

баға берудің негізгі белгілері:

  • сахнада өзін-өзі ұстауы, актерлік шеберлігі;

  • дауыс мәнері және тіл тазалығы;

  • сахналық мәдениеті (киімі, мәнерлігі).

«Мұхтар әлемі» жас ақындар сайысы:

талаптар:

  • сайысқа қатысушылар 5-6, 7-8 сыныптар;

  • шығармалар А-4 көлеміндегі форматта қазақ және/немесе орыс тілдерінде, баспа түрінде қабылданады. Әр жұмыста келесі мәліметтер болуы тиіс: жұмыстың аты, автордың аты, тегі, жасы, мектептің толық аты, жетекшінің аты-жөні,тегі.

  • өлеңдер сауатты және дербес орындалуы қажет;

  • автор өз шығармасын мәнерлі түрде жеткізе білуі керек.

баға берудің негізгі белгілері:

  • тақырыпты толық және терең аша білуі;

  • өлеңде ырғақ пен ұйқастың болуы;

  • көркемдік-бейнелеу құралдарының болуы (метафора, теңеу, эпитет).

«Туған өлкем» мәнерлеп оқу сайысы

талаптар:

  • сайысқа қатысушылар 1-4 сыныптар;

  • таңдалған шығарманың тақырыпқа сәйкес болуы;

  • шығарма көлемі 32 жолдан аспауы керек.

баға берудің негізгі белгілері:

  • көркем орындау деңгейі: актерлік шеберлігі, мәнерлеп оқу әдістерін сақтауы

(екпін, дауыс ырғағы, жылдамдық);

  • сахналық мәдениеті (киімі, мәнерлігі, өзін-өзі ұстауы).

 

Жұмыстар қатаң түрде сайыстың тәртібі мен тақырыбына сәйкес болуы керек. Бір қатысушыдан (ұжымнан) бір ғана жұмыс ұсынылады.

 

САЙЫСТЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ:

  • сайысқа өтініш 2012 жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін сайыскерлердің

мекен-жайлары бойынша орналасқан кітапхана-бөлімшелерінде қабылданады;

  • сайысқа қатысатын талапкерлер мына мәліметтерді көрсетуі керек:

аты- жөні, тегі (толық), жасы, мекен жайы, телефоны;

  • сайыс қорытындылары 23 сәуір - Кітап мерекесінде жарияланады

(өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланады);

  • қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылады;

  • жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады;

  • жеңімпаздар туралы ақпарат баспа беттерінде жарияланады;

  • жеңімпаздардың жұмыстары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына енгізіледі www.cbssemey.kz.

 

Осы мереке аясында сайыстардан тыс оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстел, әдеби кеш, ертеңгілік және т.б. шаралар өткізіледі.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қалалық орталық кітапхана

Ак.Павлов көшесі, 105

тел.: 56-88-65, факс 56-01-21

Бөлімшелердің байланыс телефондары:

2 кітапхана-бөлімшесі: 34-36-56

6 кітапхана-бөлімшесі: 53-02-82

12 кітапхана-бөлімшесі: 42-44-50

Балалар және жасөспірімдер кітапханасы: 56-74-36

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі: 35-85-96

LAST_UPDATED2