Орталық қалалық кітапханада жергілікті ақын, жазушы Валерий Зубовпен кездеу кеші өтті
02.03.2012 07:37

Бiздiң мәдениетіміз, көркемөнер, әдебиет, музыка, кескіндеме оқиғаларсыз мүмкін емес.

Орталық қалалық кітапханада жергілікті ақын, жазушы Валерий Зубовпен кездеу кеші өтті

Кештің мақсаты: Жас ұрпақты өлкемізге өз үлестерін қосқан жергілікті ақын-жазушылармен таныстыру, ой- өрісін кеңейту, эстетикалық тәрбие беру.

 

1Кеш барысында кітапхана қызметкері Имаханова Кулия ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, ақын Валерий Зубовқа сөз берілді.

Ақын өзінің өмірін оқырмандарға мазмұнды баяндай отырып, «В сумраке утра», «Доброта», «За мир», «Я привык каждый день просыпаться», «Старость», «После съемок» атты өлеңдерімен жалғастырды. Ақынның өлеңдерін оқырмандар зор ынтамен тыңдап, сұрақтар қойды.

Кешке Қазақстан жазушылыр одағының мүшесі, филоллогия ғылымының кандидаты, ақын Мұрат Сұлтанбеков, Халықаралық байқаулардың лауреаты Кенжебек Байгужинов және кітапхананың тұрақты оқырманы музыкант Виктор Викторович Зенков қатысты.

Кездесу кешінде Мұрат Сұлтанбеков поэзия туралы сөз қозғап, ақынның еңбекқорлығымен жеткен жетістіктерін айқындап, өзінің сиясы кеппеген «Чайки Прииртышья» атты жаңа өлеңдер жинағы кітабын сыйға тартты.

Кітапхана директоры Шаймарданова Айгүл Әлімбекқызы зор алғысын білдіре отырып, кездесу сәтінде ақынға кітапхана бөлімшелерінде кездесу өткізуіне ұсыныс жасады.

Сонымен қатар ақынмен бірге өткізген достық күндерін еске ала отырып, Халықаралық байқаулардың лауреаты2 Кенжебек Байгужинов тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің Қазақстан әдебиеті мен мәдениетін дамытып үлес қосқаны үшін Валерий Зубовты алғыс хатпен марапаттады.

Кештің тақырыбына орай оқырмандарға слайд көрсетіліп, ақын Валерий Зубовтың бірнеше фотосуреттері ұсынылды.

Кештің қонағы музыкант В.В.Зенковтың орындауында әдемі әуендер орындалып, студенттер «Ақын тұлғасы» атты ашық кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге 21 дана әдебиеттер қойылып, оқырмандарға ақынның жеке қолтаңбасымен жаңа кітаптары ақылы түрде ұсынылды.

LAST_UPDATED2