07.04.2017 17:37
16 17

Шара кітапхана қызметкерінің: «ХІХ ғасырда қоғам балалардың өз әдебиеті болу керек екенін мойындады, сол мезгілден бастап балалар әдебиетінің көркейуі басталды», - деген ақпараттарымен басталды. Бұдан әрі балалар әдебиетінің үлкендерге де ұнайтын әңгімелеп, әрі оның жанды тілімен, қиял-ғажайып сиқырлы сөздермен ерекшеленетінін тілге тиек етті.

Іс-шара барысында қатысушылардың назарына «Ертегілер елінде» атты танымдық сұрақ-жауап ойыны слайд көрсетілімімен қатар ұсынылды. Оқушылар белсене қатысып, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жасауда білімдерін байқатты.

Шараның жалғасында оқушылардың орындауындағы балалар әндері, кітап, ертегі туралы дайындаған өлең-тақпақтары мерекенің шырайын енгізді. Сондай-ақ, балалар «Шалқан» ертегісі бойынша көрсеткен қойылымдары көпшілік көңілінен шықты.

Шара соңында «Ертегілер әлемінде» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

LAST_UPDATED2