07.04.2017 17:33

 

13 14

 

Шара басында кітапханашы балаларды Кітап мерекесінің тарихымен таныстырды. Бұдан әрі ертегінің сәби шақтан баланың жан-дүниесіне әсер етіп, қиялына қанат беріп, ақыл-ойын жетілдіретінін әңгімеледі. Оқушылар ертегінің әртүрлі жанрда: тұрмыстық, қиял-ғажайып, жануарлар туралы болатыны жайлы мағлұмат алды.

Ертеңгілік бірнеше кезеңдермен жүргізілді. Алғашында балалар оқыған кітаптары бойынша ертегі кейіпкерлерін атады, одан әрі слайд арқылы мультфильм кейіпкерлерін тауып, ертегі бойынша қойылған логикалық сұрақтарға жауап берді. Келесі кезеңдерінде балалар суреттегі ертегі кейіпкерлерін бейнелеп, ертегілер әлемі бойынша сұрақ-жауап ойынына қатысты.

Соңында «Ертегілер әлемінде» атты кітап көрмесіне қойылған балалар әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасалды.

LAST_UPDATED2