07.04.2017 17:27

 

 

10

 

Шара барысында кітапханашы жиналғандарды Кітап мерекесімен құттықтап, «Бұл мереке - сиқырлы және таңғажайып оқиғалар әлеміне жақын білімқұмар балалар мен жасөспірімдердің мерекелік думаны», - деп атап өтті. «Кітап ол - ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын сенімді құрал, адамзат қоғамының өзіндік шежіресі. Кітап біздерді тек өткенмен таныстырып қоймайды, бүгінімізді түсінуге мүмкіндік береді, болашаққа қанаттандырады», - деген сөздерімен шараны жалғастырып, балалардың назарын кітап көрмесіне аударды. Оқушылардың назарына әлемге көптеген таңғажайып туындыларымен танымал ұлы ертегіші Г.Х.Андерсеннің ертегілері ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеге түрлі әлем халықтарының ертегілері және өздеріне бала кездерінен таныс «Үйшік», «Қоянның үйшігі», «Два жадных медвежонка», «Алдар көсе», «Ғажайып бақ», «Жомарт және сараң» т.б. ертегілер қойылды.

Кітапханашы қорытынды сөзінде: «Ертегі кейпкерлері балаларды өзге адамдарға түсіністікпен қарауға, достық қолын созуға, сенімділікке үйретеді. Кейіпкерлердің мінез-құлқын оқып талқылау арқылы балалар өздеріне дұрыс таңдау жасай білуге үйренеді. Егер бала кішкентайынан ертегіні сүйіп оқыса, есейгенде де еш күмәнсіз кітапқа деген қызығушылығы жоғалмайды», - деп балаларды кітап оқуға шақырды.

LAST_UPDATED2