№12 кітапхана-бөлімшесінде «Негеш» клубы аясында №30 мектептің 4 сынып оқушыларымен «Х.Г. Андерсеннің ертегілері арқылы дат жерлеріне әдеби круиз» атты клуб отырысы өтті.

Шара кітапхана қызметкерінің қатысушыларды Халықаралық балалар кітабы күнімен құттықтауынан басталды. Бұдан әрі жазушының өмірі және шығармашылығы туралы ақпарат берді. Балаларға жыл сайын Г.Х. Андерсеннің туған күнінде мерекеленіп өтетін Халықаралық балалар кітабы күні туралы әңгімелеп, Г.Х.Андерсеннің ертегілері арқылы дат жерлеріне әдеби круиз жасауға шақырды.

Шара барысында оқушылар екі топқа бөлінді. Круиз бой жазумен басталып, әр топтан шыққан қатысушының Дания туралы айтқан әңгімелерімен жалғасты. «Әдеби ертегі серпантині» атты екінші сайыста топтар ертегінің кішкентай үзіндісі және кейіпкердің сипаттамасы бойынша ертегінің атын анықтады.

Келесі кезектегі капитандар сайысында жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығы ескерілді. Сондай-ақ, Андерсен ертегілерінің иллюстрациялары бойынша, топтар оның қай ертегісі екенін анықтады. Круиздің қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталды.

 

1 2

 

Кітапханашы шараны қорытындылай келе, Данияның ұлы жазушысының ертегілерімен өспеген ұрпақтың кемде-кем екенін айтып, оның ертегілерінің шын мәнісінде ғажап, және балаларға, ересектерге жақын, түсінікті болып келетінін атап өтті. Онда бір ғажайып және сиқыр бар, бірақ, нәтижесін шешетін басты адами қасиеттер: мейірімділік, махаббат, достық, ерлік екенін түсіндірді.

Шара соңында «Ресей – Қазақстан. Шекарасыз ашық оқу» атты жобасы бойынша «Кітап кейіпкерлерімен бірге» атты көрмеге Ленинград облысы үкіметінің қаржыландыру бағдарламасы бойынша жаңа кітаптар қойылып, шолу жасалды.

 
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 42136

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Ақпан 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 5 1
week 6 2 3 4 5 6 7 8
week 7 9 10 11 12 13 14 15
week 8 16 17 18 19 20 21 22
week 9 23 24 25 26 27 28 29

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2261
mod_vvisit_counterКеше6961
mod_vvisit_counterОсы жұмада9222
mod_vvisit_counterОсы айда150740
mod_vvisit_counterБарлығы7368861

Қазір сайтта: 103

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%