E-mail Басып шығару PDF

Азаматтық қарсы тұру және Алашорданың таратылуы

Қазақстан майдандарында соғыс жүргізіп жатқан Қызыл Армия бөлімдеріне орталық әскери көмек көрсетті. Осындай көмектің жарқын көріністерінің бірі Әліби Жангелдин экспедициясы.

57 күнге ұласқан аса ауыр дала жорығынан кейін 11 қарашада экспедициялық отряд Шалқар стансасына жетіп, өздерін асыға күтіп отырған Ақтөбе майданының әскерлеріне қымбат жүктерін тапсырды. Кейінірек, 1927 жылы Ә.Жангелдин осы экспедицияны табысты ұйымдастырғаны және басқа да жемісті еңбектері үшін "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталды.

Қазақ кедейлері Қызыл Армия кұрамында бауырлас орыс еңбекшілерімен бірге соғысты. 1918 жылғы мамыр айында арнайы декрет қабылданып, Қызыл Армияны жасақгау бұрынғыдай ерікті түрде емес міндетті әскери парызға айналдырылды. Сонымен қатар әжептәуір уақыт бойы ерікті жасақтар да сақталып келді. 1918 жылдың жазында бірыңғай Қызыл Армияның құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастады. Сырдария және Жетісу облыстары, Бөкей ордасы мен Торғай облысының кеңестік ояздары ұлттық бөлімдер құрудың негізгі базасына айналды. 1919 жылы Степан Разин атындағы Бірінші Орынбор казак полкі ұйымдастырылды. 1919 жылғы сәуір - маусым айларындағы Орал қорғанысына қатысқан қазақ эскадроны кейін кеңестік бірінші үлгілі қазақ полкі деп аталды.

Ақгвардияшыларға қарсы күреске Қазақстан еңбекшілерімен бірге шетел жұмысшылары мен шаруалары, ерікті түрде Қызыл Армия қатарына кірген венгрлер, немістер, чехтар, поляктар да қатысты. Әскери күштерді қайта топтастырып, резервтегі армияны жинастыруды өз қолына алған ақгвардияшылардың ең қуатты құрамалары - Сібір билеушісі, адмирал Колчактың армиясы Орынбор мен Орал казактарына дер кезінде көмек көрсете алмай, соның салдарынан қызыл полктер екі казак әскерлерінің де әкімшілік орталықтарына басып кіріп, бүкіл Орынбор-Ташкент жолының бойын өз бақылауында үстады. Ақ казактар Орынбор мен Сібірден кесіліп тасталды да Қызыл Армияның Түркістан мен Жетісудағы ықпалының күшеюіне мүмкіндік туды.

Мәскеудегі кеңес басшылары 1918 жылдың қорытындыларын шығарып, ұлттық-мемлекеттік құрылысты реформалауды дереу тереңдете түсу Татарстанда, Башқортстанда, Қазақстанда ұлттық автономия құру ісін тездету кажет деген шешімге келді. Бұл бағыт 1919 жылы наурызда өткен РК(б) П-ның VIII съезі шешімдеріне айқын көрініс тапты. Большевиктер іс жүзінде ақ қозғалыс басшыларынан гөрі белсендірек қимылдар жасау арқылы үкімет органының арнаулы қазақ бөліміне, Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатына сүйене отырып, "Алаш" қозғалысының ақ қозғалыстан қатты көңілі қалып, кеңес басшыларымен байланыс жолдарын қарастыра бастаған топтарымен мәмілеге келуді жөн көрді. Олардың ішінде Ә.Бөкейхановтың келісімін алған Алашорданың көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынов бастаған топ мұнда бірінші болып келді.

1919 жылы наурыз айында комиссар Ә.Жангелдинмен Шалқар стансасында кездескен А.Байтұрсынов Мәскеуге барған соң онда Үлт істері жөніндегі халық комиссариатының қазақ бөлімі құрамына енгізілді.

Кеңестер мен ақ қозғалыс арасында екі оттың ортасында қалған Қазақстан, Татарстан мен Башқұртстан ұлттық қозғалыстарының басшылары 1919 жылдың басында кеңес өкіметі жағына шығу туралы шешімге келді. Бұл туралы Азамат соғысы тұсындағы көрнекті мемлекет қайраткері, башкұрт ұлттық-демократиялық қозғалысының басшысы, белгілі шығыстанушы ғалым Зәки Уәлиди Тоған былай деп жазды: "...1919 жылғы ақпан айының басында біз Күлгін ауылында тұрғанымызда Қазақстаннан екі өкіл келді... Сол екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыновтан хат әкеліп, кеңестер жағына көшу ісі қандай жағдайда екендігіне байланысты келіссөздер жүргізді... Мен Ахмет Байтұрсыновқа хат жаздым... Онда мына жайларды айттым: жақын күндерде кеңестер жағына шықпақпыз... Сіздер, кеңестер жағына шығу амалсыз шара екенін білулеріңіз керек. Колчактың шектен шыққан дұшпандық әрекеттері осыған мөжбүр етіп отыр... Біз өзіміз ұлттық принциптерімізге, Алаш үкіметімен келісімімізге адалдығымызды сақтаймыз. Кеңестермен бейбіт келісім жасауға қол жеткізген күннің өзінде оларға сенім жоқ екенін, олардың сөздеріне сенуге болмайтынын өздеріңіз де білесіздер".

Алашорда басшыларының қалыптасқан жағдайды бағалауда және кеңес өкіметі жағына шығу қажеттігінің мәжбүрлік сипатын түсінуде Зәки Уәлиди Тоғанмен пікірлес болғаны сөзсіз.

Бұл мәселеде А.Байтұрсыновтың ұстанған бағыты жақсы үлгі болды. Оның тікелей қатысуымен Мәскеу қазақ халқының ұлттық мемлекетін құруға әзірлік жұмыстарын жүргізетін орган ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Ә.Жангелдин естеліктерінде Мәскеудің бұл шешімге баруының бір себебі ұлттық қайраткерлердің осы органына большевизмнің сенімді жақтаушылары мен Алашорда өкілдерін енгізу болғандығын жазады.

1919 жылғы 1 шілдеде В.И.Ленин "Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы уақытша ережеге" қол қойды. Революциялық комитеттің құрамына С.Мендешев, А.Байтұрсынов, С.С. Пестковский (төраға), кейін Б.Б. Қаратаев, М.Тұнғашин, В.Л.Лукашев, К.Г.Сидоровтар кірді.

А.Байтұрсынов казревком төрағасының орынбасары ретінде "Ұлттар өмірі" газетіне "Революция және қырғыздар" мақаласын жазды. Ол мақаласында Алаш басшылығы мен белсенділерінің саяси тұрақсыздығын қазақтардың әлеуметтік-экономикалық құрылысының ерекшеліктерімен, жергілікті жерлердегі кеңестік басшылықтың төменгі деңгейімен және қазақ интеллигенттерінің большевизмнің мәнін нашар түсінетіндігімен дәлелдемек болды. "Осы жолдарды жазып отырғанмен қазақ интеллигенттерінің жоғарыда айтылғандай, қырғыз ұлттық саясатының басшылары партиялық үкімет тұсында оған қарсы күрес жүргізген топтың өкілімін. Қырғыздардың царизм тұсында қандай күй кешкені жұрттың бәрінен бұрын бізге жақсы таныс. Қырғыздардың өмір тауқыметі тудырған өзіндік социализмі мен коммунизмінің арқасында және олардың арасында топтық алауыздықтың және айқын шектелген мүлік иелігінің болмауы арқасында қырғыз халқы социалистік құрылыстың қажеттігін әлі ерекше сезіне қойған жоқ...

Өзімді орталық өкіметпен келіссөздер жүргізу үшін аттандырған алашордашылардың Торғай тобының делегаты ретінде орталық кеңестік Ресейге келген соң және барлық жағынан мемлекеттік тәртіп пен Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында жарияланған бастауларға сай қырғыз ұлттық мәселесіне деген қамқорлық қатынасты көргеннен кейін мен Колчактан гөрі кеңес өкіметін артық санап, қателеспеген екенбіз деп өз жолдастарымды шын жүректен сендіре аламын".

Сол кезде қараша айында, Түркістан майданының саяси бөлімі Алашорданың батыс бөлімі отрядтары үшін "Кеңес өкіметіне сенімсіздік жойылсын" деген арнайы ұран-қағаз шығарды. Бүл ұран-қағазда Майданның революциялық әскери кеңесінің кеңес өкіметіне қарсы соғысқандардың барлығына кешірім жарияланғанын нақтылады. "Сіздердің әрқайсыларыңызға кешірім туралы қаулы мағлұм болуы керек. Қырғыз халқы бұған лайықты жауап беруі қажет. Әр ру ұсыныстарын талқылап, кеңес өкіметін мойындайтындығын анық та шешімді дауыстарын берсін".

Колчактың басты күштерінің Шығыс майдандағы сәтсіздіктері Батыс, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісудың ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарынан азат етілуіне қажетті жағдайлар тудырды. Осындай жағдайда, әсіресе, 1919 жылдың ортасынан Алашорданың жекелеген өкілдері кеңес өкіметі жағына өте бастады, жылдың соңына қарай ол жаппай сипат алды. Оған ең алдымен кеңес өкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларға берген кешірімі, полктардағы толқулар мен жігіттердің "халық милициясынан" қаша бастауы себеп болғаны сөзсіз. Бұл процесс А.Байтұрсынов пен оның жақтастары кеңес өкіметі жағына шыққаннан кейін тоқтатуға болмайтын сипат алды.

Дегенмен, Алаш белсенділерінің кеңестік шындыққа бет бұруы өздігінен бастала салған жоқ. 1920 жылдың қаңтар айыңда 59-дивизияның ерекше бөлімі Ә.Бөкейханов пен Алаштың Семейдегі басшылығының үш мүшесін тұтқындаған болатын. Ақмола облысының бірқатар қалаларында да тұтқындау басталды. Қазревком басшылығы Омбыға бірнеше рет хабарласып, Алашорда белсенділеріне қарсы мұндай қысымды тоқтату туралы өтініш білдіруге мәжбүр болды.

Комиссия пікірі Қазревкомның 1920 жылғы 5 наурыздағы қаулысына негіз болды. Онда былай делінген: "Бегімбетов жолдастың баяндамасын тыңдап құжаттармен танысып, Алашорда батыс бөлімінің жауапты басшыларымен олардың кеңес өкіметі жағына шығу жағдайлары мен уақытына байланысты алдын ала келісіп, сондай-ақ Алашорда батыс бөлімінің көптеген жауапты қызметкерлері Орал облысында Жайық казактарымен және басқа да буржуазиялық құрылыс қорғаушыларымен одақтаса отырып қимылдар жасағанын ескеріп, сондықтан кешірім берілгеніне қарамастан, олардың қырғыздар аумағында тұруы алдағы уақытта жергілікті жерлерде қырғыздар өміріне кеңестік құрылыс идеяларын сіңіру ісінде кері әсерін тигізуі мүмкіндігін; екінші жағынан, олардың кейбіреулері қылмысты істермен айыпталушы болып шығып, олардың әрекеттерінен жапа шегуші тұрғындар тарапынан азаматтық талап қойылуы мүмкіндігін ескеріп, ревком қаулы етеді:

"1. Алашорда ұлттық үкіметі батыс бөлімінің жауапты басшылары алдағы уақытта Қырғыз өлкесінде кеңес өкіметі неғұрлым берік орнағанға дейін қырғыз еңбекші бұқарасынан бөлек ұсталсын. Келген жауапты қызметкерлердің арасынан Жанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Иса Көшкінбаев, Кәрім Жәлелов, Берікқали Атшыбаев Мәскеуге немесе басқа орталық губернияларға жіберілсін;

2. Алашордашылардың барлық мүлкі, қазыналық немесе жеке меншік болғанына қарамай, қай жерде тұрса да есепке алынып, бұдан былай ол мүліктерді қажетіне қарай жұмсай алатын бірден-бір құқылы орган-ревкомның ерекше құзырына тапсырылсын;

3. Алашорда үкіметі мен оған қарасты органдарды біржолата тарату мәселелері іс жүзінде ревкомның таяудағы мәжілістерінің бірінде шешілсін, оның үстіне газет арқылы тұрғындарға ревком мен Алашорда арасында ешқандай келісімнің болмағанын, ал, бұл алашордашылардың өту шарттары ревкомның жауабында көрсетілгенін... яғни олардың жеке бастарының дербестігін саяси сипатта атқарған бұрынғы әрекеттері үшін кешірім беру туралы шешім күшінде қалатынын жария ету керек.

Кеңес өкіметін қолдап отырған қырғыз халқының бір бөлігінің және көшіп келіп қоныстанушылардың Алашорда батыс бөлімінің белсенді қызметкерлеріне дұшпандықпен қарайтыны ескеріліп, алашордашыларды ревком мүшелігіне жөне басқа да жауапты қызметтерге ұсынуға жол берілмесін".

Революциялық комитеттің бұл шешімі өзінің бүкіл рухымен Алаш қозғалысының басшылары күткендей қазақ қоғамында ұлттық тыныштық идеясын түбірімен теріске шығарып, өлкедегі ұлттық-мемлекеттік құрылыстың таптық принциптерін айқын қолдады. Бұл Алаштың, Алашорданы Қазақстанның саяси-қоғамдық өмірінен кетуге мәжбүр етті деген сөз еді. Олардың тағдыры шешілді..."

Әдебиет:

Көркемсуретті Қазақстан тарихы [Мәтін] : 4 томдық. 3-том: Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. - Алматы, 2007. - Б. 165-173.

Алаш көсемсөзі. 10 томдық. 10-ші кітап. Сарыарқа [Текст] / ред. Г Мұзафарова ; сурет. М Қамашбаев. - Алматы : Өнер, 2011. - 36

LAST_UPDATED2  
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 42971

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Шілде 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 27 1 2 3 4
week 28 5 6 7 8 9 10 11
week 29 12 13 14 15 16 17 18
week 30 19 20 21 22 23 24 25
week 31 26 27 28 29 30 31

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2122
mod_vvisit_counterКеше5547
mod_vvisit_counterОсы жұмада35754
mod_vvisit_counterОсы айда18091
mod_vvisit_counterБарлығы8269500

Қазір сайтта: 86

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%