Ақпарат
05.12.2010 16:56
 4«Жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы көптеген жылдар бойы жөндеусіз қалған кітапханаларға да жетіп, оқырманға үлкен қуаныш сыйлауда. Осы уақытқа дейін кітапхана-бөлімшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, енді қалалық орталық кітапханда жаңа заман талабына сай жөндеу жұмыстары жалғасын тапты.

27 қарашада қалалық орталық кітапхананың жөндеуден кейінгі тұсаукесері өтті. Мәдени шараға қала әкімінің орынбасары Т.Ж.Мүсәпірбеков, әкімшілік, түрлі мекеме қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, қонақтар, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кеште кітапхана қызметкерлерінің кітапханаға арналған одасы орындалып, қонақтар сөз кезегін алды. Мүсәпірбеков Тұрсынғазы Жантұяқұлы: ҚР Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа жолдауы аясында «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында мәдени ошақтарға да ерекше көңіл аударылуда. Оның бір айғағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы уақытқа дейін сыртынан қарағанда терезелерді қырау басып, оқырмандардың дайындалуына қолайсыз болған еді. Енді осындай құрылыс жұмыстарынан соң кітапхана кеңейіп, жарықтанып, жаңаша сипатқа ие болды, - дей келе, оқырмандарға заман талабына сай кітапхана қызметкерлерінің жаңа деңгейде қызмет көрсете беруіне лебізін білдірді.

Қалалық мәслихаттың депутаттары Фесенко Наталья Анатольевна, Абузяров Рафаил Байрамғалиұлы, Нұралинов 5Кенесхан Кәрібжанұлы да өз сөздерінде: «Кітапхана бүгінгі таңда оқырмандар игілігіне қызмет көрсетуде. Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жас ұрпаққа әдебиетімізді, тілімізді, дінімізді насихаттап талмай еңбек етіп жатқан кітапхана ұжымына алдағы уақытта да жемісті жұмыс атқаруларына тілектеспіз», -деп атап өтті.

Өскемен қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы атынан келген кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі Майра Әміреновна сөз алды: «Қазіргі таңда егемен еліміздің болашағы - өскелең ұрпақтың Отанына, еліне, жеріне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін ұшқырлайтын шараларды дұрыс ұйымдастыра білу - кітапхана мамандарының біліктілігін талап етеді. Осы мақсатта бірлесе жұмыс атқаруға шақыра отырып, кітапхана қызметкерлерінің дайындаған анықтамалық-библиографиялық көрсеткіштер, баспа материалдарын сыйға тартты.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары атынан Овдиенко Ольга Викторовна, Ершова Любовь  Серафимовна - «Біз 6кітапхананың тұрақты оқырманымыз. Балалар бақшасы ұжымына жылжымалы кітапхана қызмет көрсетеді. Кітапхана қызметкерлерінің жұмысына ризамыз. Себебі, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, оқырман сұраныстарын қанағаттандырып, сапалы қызмет көрсете білді. Кітапхананың көркейіп, жаңа келбетке ие болғанына өте қуаныштымыз, - деп шексіз алғыстарын жеткізді.

Ақындар да өздерінің жүрекжарды жырларын арнады. Шара барысында оқырмандар назарына «Жаңа әдебиеттер», «Мерзімді басылымдар» көрмесі ұйымдастырылды.

LAST_UPDATED2