Ямышев қақпасы
15.02.2012 22:35

Тарих пен сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі.

 

11718 жылы I Петрдің жарлығымен Семейден 18 шақырым жерде Семипалатный қамалының негізі қаланған. Ертіс суының көктемде тұрақты түрде тасуының салдарынан 60 жылдың ішінде қамалдың орны үш рет ауыстырылған. 1776 жылы қамал қайтадан биіктеу жерге салынған, сол арада қазір де Семей қаласы тұр. Соңғы қамал өзеннің оң жақ биіктеу жағасында орналасты, үстіңгі жағы биік ағаш дуалмен қоршалды, дуалдың асты топырақпен көтерілді. Қамалдың зеңбірек орналасқан екі бастионы және үш қақпасы болды. Ямышев қақпасы Омбы жақ бетте, Семипалатинский қақпасы Ертістің тік жағасына қарай шықты ал Усть-Каменогорский қақпасы - шығыс жағында болды.

Біздің заманымызға дейін осы үш қақпаның біреуі - батыс қақпасы ғана жетті. Теміржолға дейін баратын жолдың құрылысын жүргізуге кедергі жасап тұрғандықтан, 1970 жылғы қараша айында аталмыш қақпаны Ертіске қарай 50 метрге жылжыту шешілген.

1973 жылы қақпаның орны ауыстырылған, тағанының негізіне тақталар салынған. Қамал қақпасы мен қамал қабырғалары инженер-капитан Г.И.Андреевтің басшылығымен және соның жобасымен салынған.

XIX ғасырдың сәулет ескерткіші мемлекеттің қорғауына алынып, оған республикалық ескерткіш санаты берілген.

Қақпаның үлкен аркалары бар, төбесі шатырлы, карнизінің түрі қарапайым сурет секілді. Аркасының қабырғалары жоғары қарай иіліп барып, бір шағын тоннельге айналады.

Батыс қамал қақпасының түрі толық жаңғыртудан өткен. Темір қақпалары құлыппен бекітіледі. Бұрынғы кездегі секілді қамал қақпаларының жанына лафетке 2зеңбіректер орнатылған.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

Қосымша әдебиеттер:

Аллея памятников истории советской эпохи; Ямышевские ворота; Двухминаретная мечеть; Одноминаретная мечеть; Стела в честь 250-летия Семипалатинска [Текст] : [памятники г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 3 нояб. - С. 4. : ил.

Жанғалиев, Ұ. Қорғандағы қазба жұмыстары [Мәтін] / Ұ. Жанғалиев // Семей таңы. - 2009. - 9 сәуір. - Б. 6.

Омаров, А. Көне Семей болған ба? [Мәтін] / А. Омаров // Семей таңы. - 2008. - 31 қаңтар. - Б. 6.

LAST_UPDATED2