Жауынгер-ауғандықтарға ескерткіш
15.02.2012 20:12

2002 жылғы 4 желтоқсанда қойылған.

Мекен-жайы: Семей қаласы, медицина академиясының қарсысы.

 

1Бұл ескерткіш 1979-1989 жылдары болған, сол бір жарияланбаған соғыста қаза тапқан Семей қаласының 46 тұрғынына арналған. Он жылдық соғыста Ауғанстанда қаза тапқан семейліктерге монумент орнату идеясы олардың жауынгер достарыныікі.

Жауынгер-интернационалистерге ескерткіш жылтыратылған қара граниттен (габродан) жасалған.

Ескерткіш екі бөліктен тұрады. Олар атып түсірілген құстың қанатын бейнелейтін екі стела мен жылтыратылған қара гранит. Үлкен стелада жауынгер-интернационалистердің 46 фамилиясы ойып жазылған. Мүсіндік композициясы екі фигурадан тұрады: Отан-ана мен оның алдында бас иіп тұрған жауынгер. Оның жанында құстың екі сынған қанатын бейнелейтін гранит жартас тұр. Сол жақ2 қанатында барлық қаза тапқан Ауған соғысының батырларының аты-жөндері жазылған. Ал келесі жағында естелік сөздер қашалған.

Ескерткіштің авторы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі мүсінші Мұратбек Жанболатов. Стеланың биіктігі 5,15 метр. Отан-Ана фигурасы 2,25х67,5х58 см.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

Қосымша әдебиеттер:

Мұхамадиұлы, М. Өлмес даңқ, өшпес ескерткіші ашылды [Мәтін] / М. Мұхамадиұлы // Семей таңы. - 2009. - 9 шілде. - Б. 9.

Қожаев, Қ. Отқа оранған он жыл [Мәтін] / Қ. Қожаев // Ертіс өңірі. - 2009. - 4 ақпан. - Б. 7.

Памятник Кабанбай батыру; Мемориал победы; Памятник Кайрату Рыскулову; Памятник воинам-афганцам [Текст] : [о памятниках г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 14 окт. - С. 4.

Перне, Н. Шет жақта әлі майдан [Мәтін] / Н. Перне // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 13 ақпан. - Б. 11.

Смағұл, Б. Ертаевтай ер тумас [Мәтін] / Б. Смағұл // Семей таңы. - 2009. - 26 ақпан. - Б.11.

LAST_UPDATED2