Ш.Уәлиханов пен Ф.М.Достоевскийдің жұптық ескерткіші
15.02.2012 20:05

1977 жылдың өнер монументі-ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Достоевский көшесі, 118.

 

1"Ш.Уәлиханов пен Ф.М.Достоевский" жұптық композициясы Семей қалалық атқару комитетінің тапсырысы бойынша РСФСР көркемсурет қорының Москвадағы экспериментальды скульптуралық-өндірістік комбинатында жасалған. Ескерткіш Мытище қаласындағы зауытта құйылған. Авторы мүсінші Д.Г.Элбакидзе. Бұл ескерткіштің негізіне 1859 жылы Семейде Лейбин фотосалонында түсірілген фотосурет алынған.

1859 жылы мамыр айында Достоевский Сібірден Ресейге қайтуға рұқсат алады. Ол жол қағаздарын күтіп жатқанда, Ш.Уәлиханов Қашқариядан қайтып оралып, Омбыға географиялық жаңалық ашқаны туралы хабар әкеле жатқан болатын. Омбыға бара жатып, ол Семейдегі өзінің ескі досына соғады, екеуі қоштасарда суретке түскен.

Жұптық мүсінді жасауға тапсырыс Элбакидзеге 1975 жылы берілген. Сол жылы маусым айында ескерткіш моделі келісіледі. Жұмыс 1977 жылы мамыр айында аяқталады. Ескерткіш Ф.Достоевский атындағы Семей әдеби-мемориалдық музейі ғимаратының жанына 1977 жылғы қыркүйекте орнатылды.

Уәлиханов пен Достоевскийдің арасындағы терең достыққа олардың хаттары куә: " Семейде сізбен бірге өткізген сол аз күн маған сондай ыстық. Енді тағы да Сізге бару туралы ғана ойлап жүрмін... Әрине Сіз менің өзіңізді қаншалықты аңсап тұратынымды және Сізді қалай сүйетінімді білесіз ғой". (Ш.Уәлихановтың Ф.Достоевскийге жазған хатынан).

Ескерткіштің сипаттамасы:

Ш.Уәлиханов пен Ф.Достоевский достық тыныш әңгіме үстінде отыр. Екеуі де әскери форма киген: Уәлиханов офицер формасында, эполеті бар китель, Достоевский шинель киген. Екеуі бірін бірі құшақтап отырған секілді. Екеуінің де жүздері тыныш, ой құшағында.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

Қосымша әдебиеттер:

Биданова, А. Страницы дней переберая [Текст] : в литературно-мемориальном музее Ф. Достоевского открыта юбилейная выставка / А. Биданова // Казахстанская правда . - 2011. - 16 сентября. - С. 12, 13. : фот.

Дом губернатора (Областной историко-краеведческий музей); Особняк купца Ершова (Государственный литературно-мемориальный музей Абая); Литературно-мемориальный музей Достоевского; Дом купца В. Степанова (Музей изобразительного искусства им. Невзорова). [Текст] : [памятники архитектуры г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 1 дек. - С. 4.

Часнык, Л. Дорого все, что связано с ним [Текст] : [о музее им. Ф. Достоевского в г. Семее] / Л. Часнык // Рудный Алтай. - 2010. - 3 марта. - С. 6.

Часнык, Л. Поэтическая перекличка [Текст] : [о встрече поэтов Прииртышья с общественностью г. Семея в мемориальном доме Ф. Достоевского] / Л. Часнык // Рудный Алтай. - 2009. - 31 окт. - С. 6.

Часнык, Л. Отдыхает" ли природа на детях гениев? [Текст] / Л. Часнык // Рудный Алтай. - 2009. - 30 ноября. - С. 4.

LAST_UPDATED2