М.О.Әуезов ескерткіші
15.02.2012 19:58

Ескерткіш - өнер монументі. Ескерткіш 1987жылғы 28 кыркүйекте қойылған.

Ескерткіштің қойыләан жері Семей қаласы, Әуезов алаңы.

1Бастапқы жоба бойынша қазіргі заманғы пайдалану сипаты туристік-экскурсиялық.

1987 жылғы 28 қыркүйекте Семей қаласының тұрғындары өздерінің даңқты жерлестері, совет жазушысы, ғалым, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 90 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Жазушының мерейтойы бүкіл совет халқы Ұлы Октябрьдің 70 жылдығына дайындылып жатқан даңқты күндерде атап етілді. Жалынды патриот, сөз зергері, ойшыл гуманист, туған жерінің шабытты жыршысы, академик М.О.Әуезов наным-сенімі жөнінен дәйекті интернационалист болатын. Оның «Еңлік-Кебек», «Халықтың қамқоры», «Күндестер» секілді алғашқы шығармалары қазақ театрының алтын қорына енген. М.О.Әуезов қазақ әдебиетінің көптеген жанрларының тұсауын кесуші болған.

Әуезовтың туғанына 90 жыл толуы құрметіне Семей қаласында ескерткіш ашылды. Ол біздің замандастарымызға, кейінгі ұрпақтарға өмірге қалай қарау керектігін, ұлы мұраттар жолында қалай күресу керектігін, қандай биік мақсаттарға ұмтылу қажеттігін ескертіп тұрады.

Ескерткіштің авторлары - Қазақ КСР лауреаттары, мүсінші Т.С.Досмағамбетов, сәулетші КССРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты В.В.Катцев және А.С.Қайнарбаев.

1992 жылғы 29 қазандағы хаттамалық шешімнің негізінде 1995 жылы ескерткіш қаланың Жаңа Семей бөлігіндегі Әуезов алаңына кешірілді.

Монумент дамыған сәулеткерлік шешім ретінде көрініс береді. Оның тұғыры сұр граниттен жасалған, оның үстіне М.О.Әуезовтың 5 метрлік қола тұлғасы орнатылған.

Материалы қола. Тұғыры- гранит.

Монумент Ленинградтың «Монументскульптура» зауытында құйылған.

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

LAST_UPDATED2