Абай ескерткіші
15.02.2012 19:48

Ескерткіш - өнер монументі.

Ескерткіш 1972 жылғы қыркүйекте қойылған.

2Семей қаласы, Абай алаңы.

Бірлесіп пайдалану сипаты туристік-экскурсиялық.

Қазақ халқының ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы Семей қаласымен тығыз байланысты.

Абай алдымен медреседе, одан кейін орыс училищесінде оқыған. Семейде Абай шығыс поэзиясының көрнекті өкілдері: Саадидің, Низамидің, Фирдоусидің, Шәмсидің шығармашылығымен танысты.

Өзінің Жидебайдағы ауылында тұрғанда да Абай Семейде жиі болған. Ол өзінің жерлесі Анияр Молдабаевтың бұрынғы Загородний көшесіндегі үйінде апталап тұрған.

Абай қоғамдық кітапханаға жиі барған. Спенсердің, Бокльдің, Дарвиннің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың, Толтойдың, Салтыков-Щедриннің шығармаларын оқыған және қайталап оқыған. Сондай-ақ энциклопедиялық сөздіктерді, анықтамалықтар мен атластарды оқып-үйренген.

Ол Лермонтовтың «Кинжал», «Парус» сынды өлеңдерін, Пушкиннің "Евгений Онегинінің» тарауларын, Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударған.

Семейде Абай Михаэлиспен, Долгополовпен, Леонтьевпен танысты, ақын мен саяси жер аударылғандардың арасында тығыс достық қатынас орнады. Өзінің достарының арқасында Абай барған сайын қала мен ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысты.

1885 жылы ол музейдің қазақ халқының өміріне, тұрмысы мен дәстүрлеріне арналған бөліміне 60-қа жуық бағалы мұрағаттарды тапсырған. 1886 жылы ақын статистикалық комитеттің әрекет етуші мүшесі, ал 1902 жылдан бастап Географиялық қоғамның мүше-корреспонденті болады, ол бастауыш білім беруге қамқорлық жасау қоғамының жұмысына да қатысады.

Семей Абай үшін нағыз университет болған.

Семей қаласының тұрғындары өздерінің ұлы жерлесін мақтан етеді, оның әруағын қасиет тұтады. Қалада Абайдың республикалық мемориалдық музейі бар, облыстық драма театрына, көшелерге, оқу орындарына ақынның аты берілген.

Қазақстан Коммунисттік партиясы Орталық Комитетінің қаулысымен Семей қаласында Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату шешілген болатын. Ескерткіштің авторы - мүсінші Д.Г.Элбакидзе, сәулетшісі Шингарев. Құрылыс жұмыстарын құрамында Виктор Алексеевич Гусалов, Борис Алексеевич Метелин, Петр Васильевимч Кадыковтар бар бригада жүргізген.

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

Қосымша әдебиеттер:

Ерсәлім, Б. Абай - рухани идеологиямыз [Мәтін] / Б. Ерсәлім // Ертіс өңірі. - 2010. - 7 шілде. - Б. 10-11.

Нұрбаев, С. Семей - ескерткіштер елі [Мәтін] / С. Нұрбаев // Семей таңы. - 2010. - 7 қазан. - Б. 3.

LAST_UPDATED2