Насос станциясы
15.02.2012 00:02

 

 

1910 жылғы сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Черепанов көшесі, 1-ші үй.

 

.

41873 жылы Семейде телеграф, ал 1910 жылдан бастап телефон мен су құбыры жүйесі болған. Сөйтіп, XX ғасырдың басында Семей Дала өлкесінің мәдени және әкімшілік орталығы ретінде көрінген.

1910 жылы Семейде Ертістің сол жақ жағалауында Плещеев деген көпестің қаржысына насос стансасы салынған. Бұл Қазақстандағы алғашқы су құбыры еді.

Семейдегі Смычка аралындағы су құбыры құрылғыларын кеңейту мен жаңғыртудың техникалық жұмыс жобасы Қазақ КСР коммуналдық шаруашылық министрлігінің 1974 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмасы бойынша жасалған.

Алғашқы кезде насос стансасы арқылы тек көпес Плещеевтің өзін және өз туыстарын, губернатордың үйін, тағы басқаларды сумен қамтамасыз еткен.


Совет өкіметі орнағаннан кейін су ішінара қала тұрғындарына да берілді, ал қазіргі кезде, насос стансасы кеңейтіліп, жаңғыртудан өткізілгеннен кейін Семейдің барлық тұрғындары сумен қамтамасыз етіледі.

Насос стансасының ғимараты қызыл кірпіштен қаланған. Тағаны шойтастан қаланған, едені ішінара тас, ал кейбір жері цементтелген. Төбесі метал шифермен жабылған, бөлмелері кірпішпен бөлінген, қос терезелі.


1

Екінші көтерілімдік насос стансасының торабы қала картасында салынған жерінде көрсетілген. Бас жоспар технологиялық сызбаның орналасуына, бар құрылыстарға және құрылысты ұйымдастыру мен ғимараттар мен құрылғыларды пайдалану жөніндегі принципті құрылғылармен байланыстырылып жасалған. Екінші көтерілім жобаларына сәйкес бұрынғы қондырғылар жаңғыртылып, жаңаларымен ауыстырылуда, ішкі қабырғалары бұзылып, жабыны мен көтергіш-жеткізгіш қондырғылары ауыстырылуда.

Бүтіндей алғанда эклектикалық әдіспен өңделген ғимараттың қасбеттерінде модерннің ықпалы күшті, онда готикалық әуендер де пайдаланылған. Бұл сәулет ескерткіші белгісі қоса монтаждалған облысымыздағы бірден бір ескерткіш деуге болады.

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

LAST_UPDATED2