Воскресенский /казачий/ православный собор
14.02.2012 23:25

 

 

Сәулет ескерткіші, 1857-1860.
Семей қаласы, Парижской Коммуны, 18.


1Бұл ғимарат «Тоновтық» құрылыстар типіне жатады. Лейбгвардия полкына арналған Санкт-Петербургтегі Миронов шіркеуінің жобасын жергілікті сәулетші Болботов қайта өңдеп және жергілікті жағдайларға ыңғайлап жасаған.

Воскресенск храмы үш престолды: бастысы Христостың тірілуі құрметіне, солтүстік бөліктегісі Құдай Архистратигі Михаилдың құрметіне, оңтүстік бөліктегісі бірінші Воронеж епископы шырақшы Митрофанның құрметіне орнатылған.

 Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдықтарында бұл храм әрекет етіп тұрған. Әр жылдары ол «жаңартушы», «григориандық», кейіннен қайта православиелік болып, дінбасылары жаппай тұтқындалып, көздері құртылған, 1937 жылы жабылып қалған. Солардың қатарында Воскресенск храмының соңғы пірәдәры белгілі ғалым, протоиерей Борис Герасимов та болған. Храм толық2 талауға түскен, дегенмен бұл Семейдегі бұзылмай қалған бірден-бір шіркеу. 1944 жылы мұнда қайтадан ғибадат ету басталған. Басқа храмдар бұзылып қалғандықтан және Воскресенск храмы Семей-Павлодар епархиясының билеуші архиерейлерінің тұрақты мінажат ететін орны болғандықтан Кафедралдық собор мәртебесін алған. Қазіргі кезде епархия таратылған. Воскресенск соборы қаланың бұзылған храмдарының безендірілу фрагменттерін, атап айтқанда, Знаменск соборының иконостасын сақтап келеді..

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

Қосымша әдебиеттер:

Бабченко, О. Вокруг святого ключа [Текст] / О. Бабченко // Наше дело. - 2007. - 9 авг. - С.6.

Гостиничные номера купца Сахно; Воскресенский православный собор; Здание китайского консульства; Здание, построенное в честь отмены крепостного права [Текст] : [о памятниках архитектуры г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 10 нояб. - С. 4. : ил.

LAST_UPDATED2