28.10.2010 22:39

ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕРІ


Қалалық орталық кітапхана құрамына кіретін бөлімдер:

Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі

Анықтамалық-библиографиялық бөлім

Қызмет көрсету бөлімі: абонемент, оқу залы

Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі

Автоматтандыру бөлімі

 

Маркетинг және әлеуметтік-мәдени жобалар бөлімі


Қалалық орталық кітапхана - пайдаланушылардың ақпараттық, рухани сұраныстарына сай келетін заманауи орталық болып табылады. Кітапхана ғимараты жарық, жылы, жайлы, заманға сай жабдықталған және безендірілген. Оқырмандар үшін барлық кітапхана қызметін пайдалануға ыңғайлы жағдай жасалған.

Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі /ДжӘЖБ/

Бөлім ОКЖ кітапханалары үшін ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру, оқыту және үйлестіруші орталық болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеттері – ОКЖ кітапханаларының дамуына әдістемелік көмек көрсету. Бөлім қызметінің басты бағыттары:

  • ақпараттық-талдау қызметі, мониторинг, қала тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету жағдайын бағалау;
  • ОКЖ-нің ағымдағы, жиынтық, перспективалық жоспарларын құрастыруға қатысу және оны жүзеге асыруды қолға алу;
  • инновациялық үрдістерді меңгеру, кітапханалық жаңашылдықтарды іздеу, үйрену және озық тәжірибелерді тарату;
  • әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық материалдар құрастырып, оларды кітапхана-бөлімшелеріне жеткізу;
  • кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіруді ұйымдастыру.


Ақпараттық-библиографиялық бөлім /АББ/


Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің негізгі міндеттері:

  • ОКЖ және ҚОК-ның кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуін ұйымдастыру бойынша бағдарламалар жасауға қатысу;
  • бөлімнің ақпараттық-библиографиялық жұмыстарын ОКЖ-нің құрылымдық бөлімшелері және басқа кітапханалармен, сонымен қатар қала мекемелерімен байланыстыру;
  • ОКЖ оқырмандарын компьютерлік жүйе арқылы ақпараттық қызметпен қамтамасыз ету бойынша аймақаралық әріптестікті жүзеге асыру;
  • ОКЖ қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеруді ұйымдастыру.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім оқырман топтары үшін келесі қызметтерді көрсетеді:

анықтамалар орындау (ауызша, жазбаша);

мәдени шаралар: библиографиялық сабақтар, семинар-тренингтер, ақпарат күндері, өлкетану оқулары, дәрістер (өзекті тақырыптарда);

баспа өнімдерін шығару: жаднама, әдебиеттер және мақалалар тізімі, дайджест-ақпарат т.б.;

оқырмандарды (жеке, топтық, ұжымдық) ақпараттандыру.

 


Маркетинг  және әлеуметтік-мәдени жобалар бөлімі /МжӘМЖБ/

Маркетинг және әлеуметтік-мәдени жобалар бөлімі 2012 жылдың  қыркүйек айында ашылды.

Бөлімнің басты мақсаты:

  • Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметін  жаңашылдыққа бағыттау;
  • кітапхананың ақпараттық, мәдени және коммуникативті орталық ретінде жағымды имиджін қалыптастыру;
  • қайырымдылық және демеушілік көрсету бағытында белсенді түрде қосымша ресурстарды тарту және акциялар аясында қала тұрғындарының, қала қонақтарының кітапханаға деген көзқарастарын  өзгерту;
  • әлеуметтік және мәдени мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асыру;
  • кітапхана ұсынатын қызмет, маңызды шаралар, акция және кампаниялар туралы қала және облыс тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат беру;
  • кітапхананың танымдылығын, оның ресурстары мен қызметіне деген сұранысты жоғарлату.

Бөлімде 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған «Қол өнер» және «Қызықты ағылшын тілі» атты үйірмелер жұмысы ұйымдастырылған.

Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі /ӘТжӨБ/

Бөлімнің міндеті – мазмұны кітапхана мақсаты мен оқырман сұранысына сәйкес баспа өнімдері мен басқа да құжаттарды іріктеп, жоспарлы түрде сатып алу.

Бөлімнің негізгі бағыты - кітапхана қорын  қазіргі пайдаланушылардың қажеттіліктерін зерделеу негізінде қалыптастыру. Қазақстан тарихы, экономикасы және мәдениеті жайында мемлекеттік тілдегі өлкетану әдебиеттерімен толықтыру.


Автоматтандыру бөлімі /АБ/


Кітапханалық процестерді авоматтандыру бөлімі 2005 жылы ашылды.  Бөлімнің ең басты мақсаты пайдаланушыларға  ақпараттық технологияның жаңа құралдарын енгізу негізінде  қызмет көрсету.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

  • кітапханалық үрдістерді  автоматтандыру және ақпараттандыру;
  • ОКЖ-нің жиынтық электронды каталогтары мен картотекаларын құру және  қолданыстағыны толықтыру;
  • толық мәтінді МБ құру;
  • қашықтағы Интернет желілік қорларына қолжетімділік;
  • құжаттарды электронды жеткізу;
  • оқырмандарды компьютерлік технологияларды қолдануға үйрету;
  • ақпараттық технологиялар арқылы пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыру.

Қызмет көрсету бөлімі /ҚКБ/

Қызмет көрсету бөлімі абонемент және оқу залынан тұрады. Кітап  қорында 76182 дана кітап бар, оның 11609 қазақ тілінде.

Бөлімде жастардың танымдық қызығушылықтарын, өмірлік көзқарастарын қалыптастырып дамытуға, ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау мақсатында төмендегідей клубтар жұмыс істейді:

«Эрудит» интеллектуалды-танымдық  клубы;

«Мерей» өлкетану клубы;

«Радуга» бірлескен ұйымы;

«Орфей» әдеби-сазды салоны;

«Интеллектуал» клубы.

Абонемент барлық оқырмандар мен мамандарға әдебиеттерді үйге беру арқылы қызмет көрсетеді. Бөлімде жоғары сұранысқа ие болған кітаптар, оқулықтар, көркем және әртүрлі білім салалары бойынша жинақталған әдебиеттердің үлкен таңдауы бар.

Оқу залында оқырмандарға қызмет көрсетуде мазмұны өте бай, бірегей бағдардағы кітап қоры қолданылады: сөздіктер, энциклопедиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, әртүрлі білім саласындағы монографиялар мен көркем әдебиеттер.

 

№2 КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

 

Қаланың сол жағалау бөлігіндегі №2 кітапхана-бөлімшесінің ғимараты 1989 жылы салынған. Жаңа құрылыс ықшам ауданында Сорокин көшесі, 34 мекен-жайында орналасқан.

Кітапхана екі бөлімнен тұрады: оқу залы (30 орын) және абонемент. Кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруыменен №8 «Балбөбек» балабақшасында кітап беру орны жұмыс істейді. Кітап қорында - 36809 кітап, оның ішінде қазақ тілінде - 5054.

2002 жылдан бастап №2 кітапхана-бөлімшесі «Моральдық-эстетикалық тәрбиені дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Өскелең ұрпақтың туған еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық рухта тәрбилеу мақсатында «Ұлағат» клубы және 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған «Жас суретшілер» үйірмесі жұмыс істейді.

 

№6 КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

 

№6 кітапхана-бөлімшесі 1957 жылы Силикат зауытында ашылды, 1972 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кітапхана Трусов көшесі, 147-ші үйде орналасқан.

Кітап қорында - 41664 кітап, оның ішінде 6040 қазақ тілінде.

Кітапханада әртүрлі санаттағы оқырмандарға арналған абонемент және оқу залы бар. «Адам, Жерге табын!» экологиялық бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ, 4-5 сынып оқушыларына арналған «Шаңырақ күмбездерінің астында» және зейнеткерлерге арналған «Алтын жас» клубтары мен 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған «Шебер қолдар» үйірмесі бар.

 

№12 КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

 

№12 кітапхана-бөлімшесі ОКЖ бөлімі ретінде 1976 жылы құрылып, Комсомоль кентінде орналасты. 1996 жылдың наурыз айында бес кітапхананың біріктірілуіне байланысты (№12, 14, 23, 24 және 5-ші балалар кітапханасы)  Мұхтар Әуезов даңғылында  орналасқан жаңа үйде өз есігін айқара ашып, осы уақытқа дейін сол жағалаудағы әр жастағы оқырмандарға қызмет көрсетуде.

Кітап қорында - 104339 кітап, оның ішінде 14765 қазақ тілінде.

Бөлімшеде абонемент, оқу залы және балалар бөлімі жұмыс жасайды. Кітапханада әйелдерге арналған «Общение» клубы мен 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған «Қызықты ағылшын тілі» және «Қол өнер» үйірмелері ұйымдастырылған.

 

БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫ

 

Балалар және жасөспірімдер кітапханасы ресми түрде 2003 жылдың сәуір айында ашылды.

Қазіргі уақытта Балалар және жасөспірімдер кітапханасы қаламыздың  ақпараттық-мәдени орталығы болып табылады. Балаларға, жасөспірімдерге және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатысы бар барлық оқырмандарға кең көлемде  қызмет көрсетуде. Кітап қорында - 32611 дана кітап, оның ішінде 5819 қазақ тілінде.

Кітапханада оқырмандардың жас ерекшелігіне орай  арнаулы бөлімдер қызмет көрсетеді: 1-4 сынып оқушыларына арналған абонемент, 5-8 сынып оқушылары, жасөспірімдер (9-11 сынып оқушылары, студенттер) мен балалар оқуының жетекшілеріне (ұстаздар, тәрбиешілер, ата-аналар және т.б.) арналған абонемент және оқу залы.

Оқырмандардың жас ерекшеліктеріне байланысты «Шипагер», «Жұлдыз», «Умка» клубтары ұйымдастырылған. Сонымен қатар 6-9 жастағы балалар үшін «Акварель», 10-12 жас аралығындағы балаларға «Қол өнер» үйірмелері жұмыс істейді.

 

ЦЕМЕНТ КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

 

Цемент кентіндегі кітапахана-бөлімшесінің тұсаукесері 2004 жылдың желтоқсан айында өтті. Кітапхана оқырмандарға абонемент және оқу залында қызмет көрсетеді. Оқу залында өлкетану әдебиетіне арналған жеке қор бар. Жалпы кітап қорында – 21155 дана кітап, оның ішінде 5177 қазақ тілінде.

Жас оқырмандарға арналған «Атамекен» атты өлкетану клубы және 6-10 жас аралығындағы оқырмандарға арналған «Қызықты ағылшын тілі», «Жас шеберлер» үйірмелері бар.

 

ШҮЛБІ КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

 

Кітапхана бұрын Жаңа Семей ауданының Ново-Покровка орталық кітапханасының құрамында болған. 1995 жылдан бастап Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарайды. Кітап қорында – 16978 дана кітап, оның ішінде 1332 қазақ тілінде. Әйелдерге арналған «Жүрек жылуы» клубы жұмыс істейді.

2013 жылы Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде онлайн орталығы ашылды. Ауыл кәсіпкерлігін қолдау мақсатымен онлайн орталығында компьютер мен Интернет сауаттылығына, желілік қарым-қатынас жасауға, хабарламамен алмасуға, компьютерлік бағдарламаларын пайдалануға оқытылып, кәсіпкерлік, несие, субсидия т.б. мәселелер жөнінде кеңестер берілді. Сондай-ақ мемлекеттік онлайн қызметтер, электронды сандық қолтаңба алу, салықтық есеп тапсыру бойынша оқыту бағдарламалары жүргізіліп, түрлі сала мамандары: бизнес-кеңесшілер, заңгерлер, несие ұйымдары мен қорлар өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесулер ұйымдастырылды.

 

МИРНЫЙ КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

 

2012 жылдың 21 желтоқсанындағы  Қалалық маслихат сессиясында Мирный кентінде кітапхана-бөлімшесін ашу туралы шешім қабылданып, кітапхананың салтанатты ашылуы 2013 жылдың 11 шілдесінде өткізілді.

Бүгінгі күні бұл кітапханада оқырмандардың түрлі талап-сұраныстарын қанағаттандыратын әмбебап кітап қоры мен барлық білім саласы бойынша мерзімді басылымдар жинақталған. Кітап қорында – 13683 дана кітап, оның ішінде 684 қазақ тілінде. Жасөспірімдердің шығармашылығын, дарынды балалардың шешендік өнерін қалыптастыру және олардың рухани-эстетикалық талғамын дамыту мақсатында «Жас толқын» патриоттық клубы мен 6-10 жастағы балаларға арналған «Қолөнер шеберханасы» атты үйірме жұмыстары жүргізіледі.

 

ШЫҒЫС КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

 

2014 жылы Шығыс кентінде ОКЖ-нің кітапхана-бөлімшесі ашылды. Кітапхананың басты міндеті – тұрғындардың баспа және электронды ақпарат ресурстарына қолжетімділігін ұйымдастыру.

Оқырмандардың  сұраныс-талаптарын қанағаттандыратын әмбебап кітап қоры мен әртүрлі білім саласы бойынша мерзімді басылымдар бар. Кітапханалық және компьютерлік құралдармен жабдықталған. Кітап қорында – 6798 дана кітап, оның ішінде 684 қазақ тілінде.

Кітапханада 5-8 сыныпта оқитын қыздарға арналған «Әдемі-ай» атты эстетикалық клуб және 1-4 сынып оқушыларына арналған «Өзің жасап үйрен» атты үйірме жұмыс істейді.

 

ЖОЛАМАН КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

 

2014 жылы Жоламан кентінде ОКЖ-нің кітапхана-бөлімшесі ашылып, аталмыш кент тұрғындарына ақпараттық қызмет көрсете бастады. Кітапхана қызметкерлері «Авиценна» колледжімен тығыз қарым-қатынас орнатып, түрлі мәдени шараларды бірлесіп өткізуде.

Кітап қорында – 2238 дана кітап, оның ішінде 591 қазақ тілінде.

Кітапханада 6-12 жас аралығындағы балаларға арналған «Сиқыршы» атты үйірме жұмысы жүргізіледі.

LAST_UPDATED2