28.10.2010 22:39

Орталық кітапхана құрамына кіретін бөлімдер:

-         Дамыту және әдістеме бөлімі

-         Анықтамалық-библиографиялық бөлім

-         Қызмет көрсету бөлімі: абонемент, оқу залы, экономика және құқық ақпарат орталығы

-         Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі

-         Автоматандыру бөлімі

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 2005 жылдан  бастап кітапхана  үрдістерін толық қамтитын «ИРБИС» автоматтандырылған жиынтық жүйе бағдарламсы  қолданылуда.  Интернет жүйесі  барлық ОҚЖ кітапханаларында іске қосылған.

Орталық қалалық кітапхана – өлкетану орталығы, онда туған  өлкенің табиғаты,халық шаруашылығы, Семей өңірінің тарихы мен мәдениеті туралы материалдар сақталған. Кітапханада  қала тарихы мен қазіргі кезеңін қамтитын электронды катологтардың мәліметтер базасы оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Орталық қалалық кітапхана – ақпараттық және мәдени-рухани орталық. Жыл сайын кітапханада әр-түрлі мәдени шаралар: әдеби, сазды кештер, вернисаждар, жастар акциясы өткізіліп тұрады. ОҚК жыне ОКЖ өз оқырмандарына кең ауқымда қызмет жасайды: уақытша құжат беруден бастап, дәстүрлі ақпараттық-библиографиялық қызметпен ақпараттық техналогиялар бойынша пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандырады.

Дамыту және әдістеме бөлімі

Оқырманға қызмет көрсетудегі біздің басты мақсатымыз – жаңашыл үрдістерді жұмыс барысына енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану. Қазіргі мол ақпараттар заманында әрбір адам өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті талдап, талғай білуге дағдылануы керек.  Кез келген маман ұтымды әдістерді пайдалану арқылы өзінің білімге деген ынтасын ұштайды, таным көкжиегі көбейеді. Бірте-бірте кәсіби шеберлігін шыңдау арқылы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады.

Бөлімнің негізгі жұмыс бағыттары:

  • Кітапхананың ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік көмек көрсету;
  • Өз кітапханасының жұмысын, сонымен қатар әдістемелік орталыққа қарасты кітапханалар жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Алдын-ала жасалынған жоспармен кітапханашыларды қызықтыратын белгілі бір тақырып бойынша жеке және топтастырып кеңес беру;
  • Зерттеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында кітапханаларды аралау;
  • Әдістемелік бірлестіктегі кітапхана жүйесіне озат кітапханалық жұмыс тәжірибесін енгізу;
  • Статистикалық мәліметтерге анализ жасау;
  • әдістемелік көмекші құралдар, ұсыныстар, нұсқаулар құрастырып  мәліметтерге анализ жасау;
  • Кітапханада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
  • жаңашыл үрдістерді жұмыс барысына енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.

Жас кітапханашылармен сабақ ұйымдастыру мақсатымыз: жас кітапханашыларды қызу пікір алыстырып, сол арқылы олардың ой-санасын, ізденістерін тереңдетіп, кәсіби іскерліктерін мейлінше дамытуға күш салып, іргелі ұйымдастыру жұмыстарына ұйытқы болу.

Кәсіби білімді де үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Дәстүрлі жұмысына өзгеріс енгізуге әрбір кітапханашы өздері ұмтылуға тиіс. Кітапханашыларға кеңес беруде әдістемелік көмек дәстүрлі формаларының бірі болып табылады. Кітапхана мамандарының біліктілігін жетілдірудің бағдарламасы арқылы әрбір кітапханашының біліктілігін жетілдіруге арналған «Жас кітапханашы мектебі», мамандарды қайта дайарлап, білімдерін толықтыру үшін жұмыс жасауда. ОҚК және ОҚЖ кітапханалары жұмысын жандандыруына Методикалық Кеңес көп көмегін көрсетеді. Методикалық Кеңес жиынында бар ОҚЖ жүйесіндегі кітапханалардың жұмыстарына бағыт-бағдарлама беріп, кітапханаларда жүргізген жұмыстарға анализ жасалып отырылады.

Әдістемелік орталық өз қызметінде кітапханаларды аралаумен қатар, әдістемелік көмекші құралдар, ұсыныстар, нұсқаулар құрастырып отырады. Бұл белсенді кеңес беріп, әдістемелік ықпал етудің негізгі тәсілі болып саналады. Бөлім өзекті, ауқымды мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстар шығарады.

Кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеруде әртүрлі формалар мен әдістерді қолдану кітапханашы мамандығы мәртебесінің өсуіне, оқырмандарға қызмет көрсету сапасының жоғарлауына, творчестволық ынтасының дамуына мүмкіндік туғызады.

 

Ақпараттық-библиографиялық

Ақпараттық-библиографиялық бөлім Қалалық орталық кітапхананың (ҚОК) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, өзінің қызметін бөлімнің жұмысын реттейтін, бекітілген нормативті, орындаушылық құжаттары аясында жүзеге асырады.

Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің негізгі міндеттері:

а) қызметті ОКЖ директоры бекіткен жылдық (перспективалық) жоспары негізінде іске асыру;

б) ОКЖ және ҚОК-ның кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша бағдарламалар жасауға қатысу;

в) бөлімнің ақпараттық-библиографиялық  жұмыстарын ОКЖ-нің құрылымдық бөлімшелерімен және басқа кітапханалармен, сонымен қатар қала мекемелерімен байланыстыру;

г) ОКЖ-нің оқырмандарын ақпараттық қызметпен компьютерлік жүйе арқылы аймақаралық ынтымақтаса қызмет көрсетуді қалыптастыру;

д)   ОКЖ қызметкерлері арасында кәсіби біліктілігін көтеруді ұйымдастыру.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім келесі міндеттерді жүзеге асырады:

а)   ақпараттық – ОКЖ-нің түрлі топтағы оқырмандарын ақпаратпен қамтамасыз етеді;

б)  білім беру – ОКЖ жағдайында ақпарат жұмыстары бойынша библиографиялық  оқулар, семинар-тренингтер ұйымдастыру негізінде іске асырылады;

в)  мәдени – Қазақстан Республикасының мәдени мұраларына эстетикалық талғамын   жетілдіру арқылы қалыптастырады;

г) біліктілік - оқырман аудиториясы және бөлім қызметкерлері байланысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады;

д) бақылау – ОКЖ-де кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау жасау арқылы қалыптасады.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім оқырман топтары үшін келесі қызметтерді көрсетеді:

-         анықтамалар орындау (ауызша, жазбаша)

-         мәдени шаралар өткізу:

-         библиографиялық сабақтар

-         семинар-тренинг

-         ақпарат күндері

-         өлкетану оқулары

-         дәрістер (өзекті тақырыптарда)

-         баспа өнімдерін шығару:

-         жаднама

-         әдебиеттер және мақалалар тізімі

-         дайджест-ақпарат т.б.

-         ақпараттық-библиографиялық жұмыстар бойынша консалтингті қызмет көрсетеді;

-         оқырмандарды (жеке, топтық, ұжымдық) ақпараттандыру.

 

Орталық  қалалық   кітапхананың (ОҚК)

Қызмет көрсету бөлімі: абонемент, оқу залы

Абонемент

Абонемент барлық оқырмандар мен мамандарға әдебиеттерді үйге беру арқылы қызмет көрсетеді. Бөлімде қоғамдық және гуманитарлық әдебиеттер, тарих, әдебиеттану, тілтану бойынша жаратылыс-техникалық және ғылыми әдебиеттер, физика, химия, математика, биология, медицина, экология, тау-кен ісі, энергетика, машина құрылысы және басқалар бойынша тікелей пайдалану мүмкіндігі бар.

Абонемент бөлімінің қорында 55153 дана кітап бар. Бөлім студенттерге, магистранттарға, әр-түрлі мамандарға және т.б.категориядағы оқырмандарға қызмет көрсетеді.

2003 жылдан жастарға арналған «Эрудит» интеллектуалды-танымдық  клубы ұйымдастырылып, қызмет істейді. Клубтың мақсаты жастардың танымдық қызығушылықтарын, өмірлік көзқарастарын қалыптастырып дамытуға, жастарға ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, әрбір жасты жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Осы орайда абонемент бөлімі оқырмандардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Ана тілі – асыл мұра» бағдарламасы аясында қызмет көрсетеді.

Кітаптар оқырмандарға 15 күнге беріледі (жаңа мерзімді басылымдардан, және өте сұранымдағы кітаптардан басқа). Керек болған жағдайда алдын-ала керек әдебиетке тапсырыс беруге болады.  Абонементте оқырмандардың кітапханаға тіркелуі, кітап сақтау қоймасындағы әдебиеттерге оқырман талаптарын қабылдау тәрізді жүзеге асырылады. Берілген кітаптардың мерзімін телефон шалу арқылы ұзартуға болады. Абонемент бөлімінде кітап алумен қатар, кітап көрмелерімен танысып, акцияларға және әр-түрлі мәдени шараларға қатысуыңызға болады.

 

Оқу залы

Оқу залында студенттерге, магистранттарға, мектеп оқушыларына және т.б. оқырмандарға қызмет етеді. Оқырмандарға тиімді қызмет көрсету мақсатымен арнай оқу секторы жұмыс істейді. Оқу залында кітап қоры 31966 дана анықтамалық әдебиеттер мен оқулықтарды қамтиды. Оқу залы қорында орыс және қазақ тілдерінде соңғы 5 жылдағы мерзімді басылымдар мен ағымдағы жылдың газеттері бар. Қоғамдық және гуманитарлық әдебиеттер, тарих, әдебиеттану, тілтану, жаратылыс-техникалық және физика, химия, математика, биология, медицина, экология, тау-кен ісі, энергетика, машина құрылысы және басқалар бойынша тікелей пайдалану мүмкіндігі бар қор жинақталған. Оқу залында өнер және өлкетану секторы қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңдағы кітапхана тек ақпарат орталығы ғана емес, зиялы қауым бас қосатын, жергілікті ақын-жазушылардың жаңа кітаптарының тұсаукесерлері мен шығармашылық әдеби кештері және кітапхана қабырғасында жиналып, өз бағыттары бойынша жұмыс жасайтын мүдделестер клубтарының «Мерей», «Радугу», «Орфей» бас қосатын, рухани ордасы болып отыр. Сонымен қатар оқу залында «Тарихи мұра» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетуде, ақпарат күндері, библиографиялық шолулар,  оқырман конференциялары және басқа да іс-шаралар жүргізіледі.

Орталық кітапхана бүгінде туған өлкеміздің экономикасымен, тарихымен, әдеби, мәдени өмірімен танысқысы келетін оқырмандарымыздың игілігіне айналуда. Сондай-ақ кітапхана білім саласында болып жатқан оңды өзгерістерді, ХХ   ғасыр талаптарына толық жауап беретін, көп салаы кітап қорымен, сапалы ақпараттық қызмет көрсету орталығына айналып отыр. Оқу залы 100 орынға арналған.

 

Экономика және құқық ақпарат орталығы

Экономика және құқық ақпарат орталығы  оқырмандардың сұранымдарын қанағаттандыру мақсатында қордағы экономика және заң кітап қорын толықтыру, халыққа әлеуметтік жедел ақпарат алуға мүмкіндік жасау, құқықтық білімді тарату, оқырмандардың құқық және экономикалық білімдерін арттыруға тәрбиелейді.

Экономика және құқық орталығының қызметкерлері оқырмандарға көрмелер және ашық көрсетілім, ақпарат күндері, мамандар күндері, библиографиялық шолулар, дөңгелек стөлдер өткізіліп тұрады. Кітапханада бұл шаралар екі тілде өткізіледі, әсіресе мемлекеттік тілде өткізуге көп көңіл бөледі. Экономика және құқық орталығы 1905 астам оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Экономика және құқық ақпарат орталығы қызметкерлері «Қазақстан-2030» бағдарламасын орындау барысында экономика және құқық сабақтарын, дебат, диспут, дискуссия, экономика және құқық сұрақтары бойынша мамандармен кездесу циклдерін өткізеді. Барлығы орталықта 5165 дана кітап қоры бар.

2004 жылдан экономика және құқық ақпарат орталығы ҚР Президентінің Жолдауы туралы түсінік беретін ақпарат кабинеті болып келеді. Көпшілік шаралар өткізу барысында келесі ақпарат базалары ұсынылады : «Заң», «Юрист МБ», «ИРБИС» кітапханалық бағдарламасы, электрондық каталог арқылы ақпарат іздестіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар оқырмандарды экономика және құқыққа байланысты мерзімді басылымдар, пайдаланушылар сұранысы бойынша картотека құрастырылған.

Қалалық орталық кітапхананың Экономика және құқық ақпарат орталығында 2003 жылдан бастап «Интеллектуал» жастар пікірсайыс клубы ұйымдастырылды. Экономика және құқық саласы бойынша жастардың білім деңгейін көтеру, оқу процесінде жастарға ақпарат беру арқылы көмек көрсетеді. Бөлім  қоры жаңа : кітаптармен мерзімді басылымдармен,сөздіктермен, анықтамалықтармен толықтырылып отырады.

 

Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі

Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу ғылым-білімнің сан саласындағы жаңалықтарды оқып-білу, тәлім алу, өз ізденістеріне пайдалану үшін жаңадан жарық көрген кітаптар, электрондық басылымдар түрлерін оқырмандар қолына мезгілінде жеткізіп отыру, ОККЖ кітапханалық қорын қалыптастыру мен жетілдіру бөлімнің негізгі жұмысы және жауапты міндеті.

Ай сайын жаңа шыққан кітаптардың тізімдері алынып, қажетті кітаптар мен электрондық басылымдар кітапхана қорына сатып алынады. Бөлімнің ең маңызды міндеті –  Қазақстан баспаларынан шыққан барлық басылымдарды  толықтыру және өңдеу.

Қазіргі уақытта көпшілік оқырмандарымыздың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне, саясаты мен экономикасына қатысты жаңа қөзқараста жазылған туындыларға деген сұраныс өте жоғары. Кітапхана қорын толықтыру бағытындағы негізгі жұмыс осы биік талап-тілектерді жүзеге асыруға арналған.

Сонымен қатар бөлім тақырыбы ескірген,тозған кітаптарды есептен шығарып отырады.

Бөлімнің функцияларының бірі оқырмандар сұранысын ескере отырып, тікелей тапсырыс  беру арқылы әртүлі тақырыпты қамтитын электрондық кітаптармен толықтырып отырады. Қазіргі таңда Ирбис бағдарламасы жүзеге асырылуда. ИРБИС бағдарламасы кітапхананың кітап қорын толықтыру және  өңдеуге кеңінен қолданылады. Онда келіп түскен кітаптарды тіркеуге алып, толық библиографиялық сипаттама жасалып, электронды каталогқа енгізіледі. Библиографиялық сиапттама ГОСТ-қа сәйкес жасалынады. Кітап қоры толығымен каталогтар мен картотекаларға енгізілген (жүйелі, алфавиттік, қазақ тіліндегі басылымдар каталогы (казахстаника) және алфавиттік – пәндік көрсеткіш, және электронды каталогы бар.  Оқырмандар дәстүрлі каталогтармен қатар электронды, электрондық картотеканы кеңінен қолдана алады.Кітапхана қоры Қазақстанның және Ресейдің мерзімді баспасөз басылымдарымен де толықтырылады. Бұл жыл сайын арнайы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жаздырып алынады.

 

Автоматандыру бөлімі

Кітапханалық процестердің авоматтандыру бөлімі 2005 жылы ашылды. Бұл   ақпараттық орталық. Бөлімнің ең басты миссиясы пайдаланушыларға   ақпараттық техналогияның жаңа құралдарын енгізу негізінде ақпараттық қызмет көрсету.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

o   автоматтандыру және ақпараттандыру

o   жұмыс істеуді дамыту және құрама электрондық каталог жасау және ЦБС картотекалары

o   толық мәтінді МБ құру

o   Интернет өшірілген желілік қорларға рұқсат

o   құжаттарды электронды жеткізу

o   ақпараттық техналогиялар бойынша пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыру

Бөлім қорында әр түрлі мәлімет сақтаушы CD-ROM  дискілер көрсетліген, әртүрлі шығарулармен. Электрондық басылымдар қоры оптикалды дискілерде –  бұл экономика, құқық, тарих, философия, тілбілімі және тағы басқа электрондық оқулықтар. Оптималды компакт-дискілердің басты массив жинағы оқулық-білім алатын бағдарламаларда хабарланған.

Рефераттар, дипломдар, курстық жұмыстар және тағы басқалары қазақ және орыс тілдерінде берілген.

Автоматтандыру бөлімі белсенді түрде  жаңа ақпараттық техналогияларды кітапханашыларға үйретуде. Үлкен кеңестік жұмыстар жүргізілуде, әдістемеде және жұмыс тәжірибесінде жаңа ақпараттық техналогияларды енгізу бойынша  туындаған сұрақтарға жауап ретінде.

Бөлім пайдаланушылардың ақпараттармен жұмыс істеуін кеңейту мақсатында жұмыс жасауда және төменгі қызметтерді ұсынады:

§ құжаттарды электрондық жеткізу

§ электрондық пошта

§ құжаттарды басып шығару

§ сканерлеу

§ баспа өнімін даярлау (шақыру билеттерін, құтыққтау ашық хаттарын және т.б.)

§ компьютерлік теру

§ рефераттар, дипломдық және курстық жұмыстарды безендіру

§ ксерокс қызметі

Бөлімнің электрондық ресурс қызметіне Интернетке рұқсат кіреді, сондай-ақ Интернетте ақпарат іздеуге көмектесу, компьютерлік қызмет көрсету. Егер пайдаланушының қажетті дағдылары болмаса, ол бөлім қызметкерлерінің көмегіне жүгіне алады. Интернетке рұқсат белгіленген желіде орындалады, ол жоғары сапалы қатынасты және жақсы жылдамдықпен қамтамасыз етеді.

Кітапхана пайдаланушылары кітпахана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалану мүмкіндігі бар:

-         каталог және картотека арқылы кітапхана қорының құрамы жайлы толық ақпарат

-         хабар қайнарларын таңдауда және іздеуде кеңестік көмек алу.

LAST_UPDATED2