29.01.2012 21:20

Абайдың республикалық-әдеби мемориалдық мұражайының ғимараты

XX ғасырдың екінші жартысының сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Ленин көшесі, 12.

9Абайдың Семейдегі мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайы 1940 жылы, ақынның туғанына 95 жыл толуына орай құрылған. Бұл Р.Ершов деген көпестің байырғы ғимараты.

Қосымша құрылыстың жобалаушылары сәулетші Я.Кириллов бастаған жобалау институтының қызметкерлері. 1992 жылға дейін ғимараттың жеті залында әдеби экспозиция орналасып, онда ақын отбасының жәдігерлері, Абайдың қолымен жазылған түпнұсқа құжаттар, Абай дәуірін сипаттайтын бай этнографиялық материал, көптеген экспонаттар қойылған болатын. 1996 жылдан бастап бұл ғимаратта Абай мұражайы орналасқан.8

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б.101.

LAST_UPDATED2