29.01.2012 21:09

Көпес Степановтың бұрынғы үйі

1827 жылдың сәулет ескерткіші

Мекен-жайы: Семей қаласы, Пушкин көшесі, 108.

11Көпес Степановтың үйінде 1854 жылғы қарашадан бастап Семей қаласының прокуроры болып тағайындалған А.Врангель пәтер жалдап тұрған. Революциядан кейін бұл үйде әртүрлі мемлекеттік мекемелер орналасты. Ғимаратқа кейінгі уақытта көптеген қосалқы жайлар жамап салынған. Олардың ең ертедегісі 1884 жылға жатады. Көптеген жаңғыртулардан кейін ғимараттың ішкі сызбасы өзгерген: қазір үй сумен жылытылады, электр жарығы бар. Едені, төбесі, терезелері мен есіктері ауыстырылған.

Бұл колонналары бар екі қабатты кірпіш ғимарат. Тағаны шойтас, қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған, төбесі ағаш, шатыр жабыны - қаңылтыр. Құрылыстың алаңы 481,2 шаршы метр. Көз мөлшермен үйді үш бөлікке: орталық бөлікке, сол және оң жақ қанаттарға бөлуге болады. Орталық бөліктің қасбетін күмбез тектес әшекей тәмәмдайды. Бірінші қабатта әдеттегі тік бұрышты формалы 7 терезе бар, ғимараттың сол жақ, оң жақ қанаттарының терезелері де осы тақылеттес. Екінші қабат терезелерінің үстіңгі бөлігі жартылай шеңбер формасында. Әрбір қабатында үш-үштен терезесі бар ғимараттың сол жақ бөлігі ғимараттың орталық бөлігіне ұласады. Ғимараттың орталық бөлігіне қарағанда оң жақ қанаты шамамен 35 градустай бұрышта орналасқан, яғни кейін қарай қисайтылған. Оң жақ қанатта әрбір қабатта 6-дан терезе бар. Бүкіл ғимараттың терезелерінің арасында колонналардың кейпін қайталайтын рельефті жапсырма әшекейлер орнатылған. Ғимарат сыланған және әктелген. Ғимараттың бүкіл сипатталып отырған бөлігіндегі бірден-бір кіретін есік оның оң жақ қанатында орналасқан.

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

Қосымша әдебиеттер:

Аллея памятников истории советской эпохи; Ямышевские ворота; Двухминаретная мечеть; Одноминаретная мечеть; Стела в честь 250-летия Семипалатинска [Текст] : [памятники г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 3 нояб. - С. 4. : ил.

Құсанбаев С. "Сыйға сый" деген осы... [Мәтін] / Құсанбаев С. // Дидар. - 2008. - 23 ақпан. - Б. 4.

Сейсенұлы, Дәулет. Ресей орденімен марапатталды [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 9 ақпан. - Б. 4.

Сейсенұлы, Д. Семейдің "Третьяковкасы" [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 13 ақпан. - Б. 12.

LAST_UPDATED2