29.01.2012 20:43

Губернатордың бұрынғы үйі, тарихи-өлкетану мұражайы

1856 жылғы тарих және сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 90.

5Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты XIX ғасырдың 50-жылдарында, шамамен, 1856 жылы генерал-губернатор Проценконың бұйрығымен салынған. Сәулетшісі белгісіз. Революцияға дейін бұл үйде әскери губернатор тұрған. Совет өкіметі орнағаннан кейін бұл ғимарат Бостандық үйі деп аталған. Мұнда Семей қаласының алғашқы Совдепі орналасқан. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде контрреволюциялық бүлік шықты. Ақ гвардияшылардың терроры кезінде ғимаратта ақ гвардияшы әскерлер орналасты. Совет өкіметі қалпына келтірілгеннен кейін, бұл ғимаратта шаруалар корпусының саяси бөлімі, одан соң Семей әскерлер тобының штабы орналасты.

1923-28 жылдары ғимаратта РКПБ губерниялық комитеті жайғасты.

61930-38 жылдары Қазақстан КПБ облыстық комитеті жұмыс істеді, 1975-78 жылдары ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген.

1977 жылғы қазаннан бастап мұнда тарихи-өлкетану мұражайы қоныс тепті. Ғимараттың бастапқы бет-бейнесі өзгертілген, парадты есігінің орны ауыстырылды, едені мен терезелері қайта салынды. Үшінші залда қалың сылақ қабатының астынан әртүрлі ракурстағы Феникс құсын бейнелеген фрескалар табылды.

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

Қосымша әдебиеттер:

Әлімбек, Қ. Өлкеге құрмет мұражайға қамқорлықтан басталады [Мәтін] / Қ. Әлімбек // Ертіс өңірі. - 2010. - 24 наурыз. - Б. 8.

Әукенов, Б. Менің қалам мен үшін [Мәтін] / Б. Әукенов // Семей таңы. - 2011. - 5 тамыз. - Б. 7.

Дом губернатора (Областной историко-краеведческий музей); Особняк купца Ершова (Государственный литературно-мемориальный музей Абая); Литературно-мемориальный музей Достоевского; Дом купца В. Степанова (Музей изобразительного искусства им. Невзорова). [Текст] : [памятники архитектуры г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 1 дек. - С. 4. : ил.

Кашляк, В. Бір хаттың ізімен [Мәтін] : [Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайында сақталған хаттың тарихы жайлы] / В. Кашляк, М. Жандилдинов // Семей таңы. - 2010. - 18 ақпан. - Б. 4.

Уколов, П. Туған өлкені танығың келсе, мұражайға кел [Мәтін] / П. Уколов // Дидар. - 2010. - 9 маусым. - Б. 3.

LAST_UPDATED2