№12 кітапхана-бөлімшесі зейнеткерлерге қызмет көрсету Аймақтық орталығында Жан-Батист Мольерге арналған «Драматург және актер» атты әдеби портрет өткізді.
26.01.2012 20:30

122222Шын аты Жан-Батист Поклен (1622-1673), өзінің театр қызметінде қабылдаған аты Мольер, классицизм заманында жасаған жазушы, француз комедиясының жаратушысы, ұлттық француз театрдың негізін салушы.

Мольер адам өмірінің еркін және ақылды құрылымының арманын өзінің туындыларында, идеяларын классикалық комедия пішінінде ұсынды. 60-шы жылдардың аралығында Мольер үш маңызды: "Тартюф", "Дон-Жуан" және " Мизантроп" комедия шығармаларын жазады..

Іс-шара барысында зейнеткерлер комедия туралы көп қызықты мәліметтермен танысты, зейнеткерлерге Жан-Батист Мольер шығармаларынан ең қызықты үзінділер оқылды.

Комедияда авторы дiни екi жүздiлікке қарсы күрес туралы, феодалдық аристократияның құлауы, арам тамақ және адамдардың жаман қасиеттерін өткiр қамшылайды. Әдеби портреттен кейін оқырмандар комедиялардағы кемшіліктер бiздiң заманымызда да бар кемшiлiктер. Және осы, кемшiлiктермен күресу керек деген нәтижеге келді. Зейнеткерлер өз ойларын ортаға салып, белсене араласып отырды.