Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Атамекен» клубы мүшелері және №32 мектептің 1 «Е» сыныбы оқушыларымен бірге Халықаралық балалар кітабы күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Ертегі еліне саяхат» атты ертеңгілік өтті.
24.04.2016 16:49

Мақсаты: балалардың білімдерін жан-жақты кеңейтіп, еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілдікке мейірімділікке тәрбиелеу.

19 20 21 22

Шара басында кітапханашы оқушыларды ертегінің шығу тарихымен таныстырып, оның түрлеріне тоқталып өтті. Балалардың оқыған қызықты танымдық ертегілері ұзақ жылдар бойына олардың айнымас кеңесуші достарына айналатындығын түсіндірді. «Ертегілер өте көп, оны адамдар жүздеген жылдар бойында ойластырып келді. Олар тек қана қиял-ғажайып емес онда өмірге баулитын халықтың даналығы жатыр», - деген сөздерімен шараны жалғастырды.

Ертегі кейіпкерлері мейірімділік пен зұлымдық, өтірік пен шындықты ажыратып, адал, батыл, әділ болуға үйрететіндігін балалардың санасына жеткізді. Балалармен бірге ертегі кейіпкерлерінің оң және теріс қасиеттерін талқылады.

Бұдан әрі балалар «Ертегілер еліне саяхат» атты слайд-тұсаукесерінің көмегімен жұмбақтарды шешіп, мақал-мәтелдер айтып жарысты, өлеңдер оқыды. Өздері оқыған ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелеп берді.

Шараның жалғасында балаларға «Адасқан әріптер» ойыны, «Қимыл-қозғалыс ойындары» ұсынылды. Олар мимика жасау арқылы өздерінің актёрлік шеберліктерін де көрсетті. Соңында кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.