№2 кітапхана-бөлімшесінде Кітап мерекесі аясында «Білім көзі - кітапта» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке №20 мектептің 4 «А», 5 «А» сыныбының оқушылары шақырылды.
20.04.2016 10:03

Мақсаты: балалардың ой өрісін кеңейту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқуға, кітапты ұқыпты ұстап құрметпен қарауға үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3 4 5

Шара басында кітапханашы балаларды кітап мерекесімен құттықтады. Бұдан әрі үстіміздегі жылы ОКЖ-нің құрылғанына 40 жыл толатынындығы жөнінен хабардар етті. Әлемдік әдебиеттің ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын құнды байлық екендігін түсіндірді.

Ежелгі заманнан адамдар кітапты ерекше құрмет тұтып, құнды жәдігер ретінде бағалап келді. Адам өміріндегі кітаптың маңыздылығы туралы айтылды. Кітаптың көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы слайд арқылы көрсетілді. Кітапханашы әңгімесінде ұлы адамдардың айтқан «Кітап оқу – үздік жаттығу» деген сөздерін келтіріп, олардың ойына құлақ қою керектігін тілге тиек етті. Ал қанша бала өзінің барлық бос уақытын компьютерлер мен теледидарлар экраны алдында өткізеді? Қанша қымбат уақыттарын өздерінен-өздері ұрлайды.

Кітап аяушылық білдіруге, қайырымдылық жасауға, сүйіспеншілікке үйретеді. Жақсы шығарма адам сезімін, жақсы сөздерге, туған тілге деген махаббатқа тәрбиелейді. Әдебиет ақыл мен сезімді дамытады. Кітап арқылы адам әлемді танып біліп, өмір сүруге үйренеді.

Шараның жалғасында оқушылар Кітап мерекесіне дайындаған өлеңдерін оқып, «Узнай книжного героя и автора» атты викторинаға қатысты. Өздерінің жақында оқыған кітаптары туралы әңгімелеп, барлығы бірге «Чему учат в школе» өлеңін шырқап, «Читайте, читайте!» атты бейнероликті көріп тамашалады.

Оқырмандарды «Кітап көзі – білімде» атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу өткізілді.

Кітапханашы ертеңгілікті қорытындылай келе кітапхананың жұмыс ережесімен таныстырып, балаларды тұрақты оқырман болуға шақырды.