07.04.2016 15:30

Презентации

 

1. «Т.Әбдікәкімұлының поэзиялық шумақтарына суреттемелер» - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, бірнеше мәрте Президент стипендиясының иегері, ұлтжанды қаламгер, белгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовтің «Ақшам хаттары», «Ырауан» атты жыр жинақтарына енгізілген өлеңдеріне жасалған суреттемелер берілген слайд-тұсаукесері.

2. «Бұрын-соңды болмаған ақын» - Тыныштықбек Әбдікәкімовтің шығармашылығына арналған электронды тұсаукесер.

3. «Қазақ ғылымының сөнбес жұлдызы» - Қазақ халқының ұлы перзенті - зерттеуші, этнограф, фольклоршы, тарихшы, суретші, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы және ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған электронды тұсаукесер.

4. «Даламның ұлы ақыны - Абай» - Қазақ сахарасының данасы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған екі топ арасында өткізілетін сұрақ-жауап ойыны.

5.«Шоқтығы биік дара тұлға» - Қазақстанның халық жазушысы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының және Семей қаласының құрметті азаматы - Әзілхан Нұршайықов туралы слайд-тұсаукесері.

6. «Әдебиет тарланы» - Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы, философ Әубәкір Дастанұлы Нілібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы.

Обновлено 09.02.2018 15:12