07.04.2016 15:20

Видеоролики

 

1. «Желсіз түнде жарық ай...» - Абай Құнанбаевтың әніне арналған бейнеролик.

2. «Академия бір өзі Семейдегі...» - Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына орай құрастырылған арнаулар топтамасы.

3. Қайым Мұхамедханов «Сүйген жар» - Қайым Мұхамедхановтың 1952 жылы Теміртау лагерінде жазған «Сүйген жар» атты өлеңіне бейнесуреттеме.

4. Қайым Мұхамедханов «Отырдық тар қапаста күнді санап» - Қайым Мұхамедхановтың 1952 жылы Қарағанды лагерінде жазған «Отырдық тар қапаста күнді санап» атты өлеңіне бейнесуреттеме.

5. Каюм Мухамедханов «Считая дни, сидели мы в темнице» - Видео-зарисовка на стихотворение Каюма Мухамедханова «Считая дни, сидели мы в темнице» в переводе с казахского Мурата Султанбекова.

6. Бекен Жамақаев «Махаббат вальсі» - Бекен Жамақаевтың «Махаббат вальсі» әнінің шығу тарихы туралы бейнеролик.

7. «Аңызға ұласқан ақиқат» - Қазақ әдебиетінің алып тұлғасы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты роман-диалогына арналған буктрейлер.

8. Мурата Султанбеков «Новогодние звезды» - Видео-поэзия на стихотворение Мурата Султанбекова «Новогодние звезды» из сборника «Чайки Прииртышья».

9. Қалқаман Сарин «Күз...» - «Күз ақыны» атанған Қалқаман Сариннің «КҮЗ...» атты өлеңіне бейнесуреттеме.

10. Қалқаман Сарин, Арман Бексұлтан «Күзгі бақ» - Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған Арман Бексұлтанның «Күзгі бақ» әніне бейнесуреттеме.

11. «Дулат Аюбаевқа арнау» - Небәрі 26 жасында дүниеден өткен «Ақсұңқар» ақындар сыныбының алғашқы түлектерінің бірі, бірнеше облыстық, аудандық жыр мүшайраларының жеңімпазы Аюбаев Дулат Мұстахымұлына ұстазы Төлеген Жанғалиев пен досы Бауыржан Игілік жазған қоштасу өлеңдеріне бейнесуреттеме.

12. Дулат Аюбаев «Жағабақта...» - Дулат Аюбаевтың «Жүрегімде құпиям жоқ бір тамшы» жыр жинағына енген «Жағабақта...», «Жағабақтағы ару қыз» атты өлеңдеріне бейнесуреттеме.

13. Ерлік әнін тудырған Т.Тоқтаров - Шығысқазақстандықтардың ішінен тұңғыш болып Кеңес Одағының Батыры атағын алған Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналған көркем туындылар мен музыкалық шығармаларға виртуалды шолу.

14. «Семейлік Кеңес Одағының Батырлары» - Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған виртуалды анықтамалық.

15. Арман Шеризат «Адасқақ» - Семейлік жас ақын Арман Шеризаттың «Тәңірқұт» атты тұңғыш жыр жинағына енген «Адасқақ» өлеңіне бейнесуреттеме (бейнепоэзия).

16. Арман Шеризат «Ақпан қыз» - Жас ақын Арман Шеризаттың «Тәңірқұт» жыр жинағына енген «Ақпан қыз» өлеңіне бейнесуреттеме (бейнепоэзия).

17. Арман Шеризат «Аспалы көпір астында» - Арман Шеризаттың «Тәңірқұт» кітабына енген «Аспалы көпір астында» атты өлеңіне бейнесуреттеме.

18. Арман Шеризат «Көктем» - Дарынды ақын Арман Шеризаттың «Тәңірқұт» атты тұңғыш жыр жинағына енген «Көктем» өлеңіне бейнесуреттеме (бейнепоэзия).

19. Арман Шеризат «Мен кеттім бақытты ғып бөтен қызды» - Арман Шеризаттың «Мен кеттім бақытты ғып бөтен қызды» атты өлеңіне бейнесуреттеме.

20. Арман Шеризат «Мендік сезім махаббаттың көктемі» - Арман Шеризаттың «Тәңірқұт» жинағына енген «Мендік сезім махаббаттың көктемі» атты өлеңіне бейнесуреттеме

21. «Азамат Тасқараұлы – алаугер ақын» - Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» аталымы бойынша Гран-при иегері, және т.б. көптеген жыр мүшайраларының жүлдегері, ҚР Жазушылар одағының ең жас мүшесі Азамат Тасқараұлының «Жусан қыз» атты жыр жинағының тұсаукесері.

22.Дулат Бабатайұлы «Аягөз қайда барасың?»  - өлеңге бейнесуреттеме.

23. 2016 жыл кітабы «Өсиетнама» - Аякөз өңірінен шыққан асқақ жырау, «Азаттық жырының ақтаңгері» атанған дуалы ауызды Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» жыр жинағына арналған буктрейлер.

24.Дулат Бабатайұлы «Асқар таудың сәні жоқ» - өлеңге бейнесуреттеме.

25.Мурат Султанбеков «Прощание с полигоном» - видео-поэзия на стихотворение из сборника «Абай и Шакарим в ХХІ веке».

26.Бауыржан Игілік «Қарашада...» - Семейлік жас ақын Бауыржан Игіліктің «Қарашада...» атты лирикалық өлеңіне буктрейлер (бейнесуреттеме).

27.Бауыржан Игілік «Есіңде ме...» - Семейлік жас ақын Бауыржан Игіліктің лирикалық өлеңіне бейнесуреттеме.

28.Мурат Султанбеков «Тропа к Абаю» - Видео-ролик на стихотворение Мурата Султанбекова «Тропа к Абаю» о Каюме Мухамедханове, известном абаеведе, посвятившем изучению творчества Абая всю жизнь, написавшем большое количество книг о великом казахском мыслителе, философе, поэте и композиторе Абае Кунанбаеве.

29.Арман Шеризат «Күз демі» - Жас ақын Арман Шеризаттың «Тәңірқұт» атты жыр кітабына енген өлеңіне бейнесуреттеме.

30.Арман Шеризат «Жалғыз» - Өзінің өршіл өлеңдерімен танылып жүрген дарын иесі Арман Шеризаттың «Қасым.kz» сериясы бойынша жарық көрген «Тәңірқұт» жыр кітабына енген «Жалғыз» атты өлеңіне бейнесуреттеме.

31.Мұратбек Оспанов «Семей»- ақынның «Дүние дидар» және «Сүмбіле» кітаптарында жарияланған «Семей» атты екі өлеңіне бейнесуреттеме.

32.Александр Кузнецов «Семипалатинск» - Видеоролик на стихотворение Александра Кузнецова «Семипалатинск».

33.Болат Қамзин «Кәде» - Болат Қамзиннің «Кәде» атты пьесалар жинағының тұсаукесеріне арналған бейнеролик.

34.Бекен Имаханов «Естен кетпес естеліктер» -Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, ерен еңбегінің нәтижесінде «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі», «Қазақ ССР-інің халық әртісі», «Ерен еңбегі үшін», «Шәкәрім» медальдарының иегері атанған актер Бекен Имахановтың «Естен кетпес естеліктер» кітабының тұсаукесеріне арналған бейнеролик.

35.Біржан Ахмер «Күліктің көз жасы» - Жас ақын, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, көптеген республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері Біржан Ахмердің «Күліктің көз жасы» атты өлеңіне бейнесуреттеме.

36. «Аппақ әлем – ақ өлең...» - Тамаша лирик ақындарымыз - Қалқаман Сариннің, Назира Бердалының, Ерлан Жүністің - табиғаттың керемет сыйы, қыстың көркі, кіршіксіз аппақ ұлпа қар туралы өлеңдеріне арналған бейнеролик.

37. «Елдігімді әлемге – Паш ететін байрағым!» - Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы өлеңдер топтамасы (бейнепоэзия).

38.Саят Қамшыгер «Шығысым» - Танымал ақын, көптеген республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, «Мөлдір бұлақ» журналы бас редакторының орынбасары Саят Қамшыгердің «Шығысым» атты өлеңіне бейнесуреттеме.

39.Арман Шеризат «Жүректерге нұр құятын шын құштар» - өлеңге бейнесуреттеме.

40.Бауыржан Игілік «Көктем келді...» - Бауыржан Игіліктің «Көктем келді, жаз - таяу... Шыда жүрек!» атты философиялық өлеңіне бейнесуреттеме.

41.«Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет» - Тарихи фотосуреттер жиынтығы топтастырылған бейнеролик.

42.Саят Қамшыгер «Қайран біздің...» - Белгілі ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Саят Қамшыгердің Алаш қайраткерлеріне арналған «Қайран біздің...» атты асқақ рухты өлеңіне бейнесуреттеме.

43.«Оян, түрік!» - Әубәкір Дастанұлы Нілібаевтың сөзіне жазылған Самат Сыпатайұлының «Оян, түрік!» атты әніне бейнесуреттеме.

44.«Кітап туралы» - әдебиет тарланы Нілібаев Әубәкір Дастанұлының өлеңіне бейнесуреттеме.

45.«Ақ сезім» - жас ақын, «Ақсұңқар» ақындар сыныбының түлегі Қуаныш Еркінұлының «Ақ сезім» атты лирикалық өлеңіне бейнесуреттеме.

46.«Ақын жыры – жүрек сыры» - Қос тілдің шебері, Қазақстандық мәдени мұраның дамуына өз үлесін қосқан тұлға, Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, аудармашы Мұрат Сұлтанбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик.

Обновлено 18.09.2018 11:27