Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Кітап мерекесі аясында қала мектептерінің оқушыларына арналып «Рухани қазына» атты ертеңгілік өткізілді.

Мақсаты: осындай кең ауқымды іс-шаралар аясында оқырмандарды, мүмкіндігінше көпшілік балалар мен ата-аналар назарын кітап оқу мәселесіне аудару, кітап оқуға үндеу. Әрбір баланың жан дүниесінде кітапқа деген қызығушылығын оятып, шығармашылық ізденістерге баулу. Балалардың оқуларына көмек ретіндегі жаңа кітаптарды ұсынып, өздігінен білімдерін жетілдіруге көмектесу.

4 5 6

Көркем безендірілген оқу залында кітапханашы балаларды мерекелерімен құттықтап, 1967 жылдан бастап балалар кітабы бойынша Халықаралық Кеңестің шешімімен 2 сәуір ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай бүкіл әлемде Халықаралық балалар кітабы күні болып аталып өтетіні жайлы естеріне салды.

Сонымен қатар қаламызда жыл сайын 2003 жылдан бастап 2-23 сәуір аралығында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық кітапхана-бөлімшелерінде Кітап мерекесінің аталып өтілетіні жайлы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, балаларға биылғы жылы Кітап мерекесінің «Кітапханаға құрметпен» деген атаумен Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 40 жылдығына арналып отырғандығын атап өтті.

Мереке аясында барлық қатысушылардың сайыстарға қатысуға мүмкіндіктері бар екендігін жеткізген кітапханашы «Кітапханаға шат күлкі сыйлайық» атты фотобайқау, «Мен кітапхананы жырлаймын» атты жас ақындар сайысы, және «Шын жүректен...» тақырыбында бейне-құттықтау сайысы жарияланғандығымен хабардар етті.

Бұдан әрі кітап тарихы туралы әңгімелеп, балалар викториналық сұрақтарға жауап берді. Балалар жазушыларының мерейтойлары туралы мағлұматтар алып, «Кітап театры» қойған «Үйшік», «Шалқан» ертегілерінен көріністерді тамашалады.

Шара барысында өнерпаз оқушылардың орындауындағы әсем ән мен мың бұралған билер мерекенің көркін шырайландыра түсті. Концертке қатысушылар «Кітапханашы», «Я нарисую счастье» әндерін орындаса, кішкентай өнерпаздарымыз билерімен таң қалдырды.

Аталмыш шараға арнайы көркем безендірілген «Кітап мерекесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Ертеңгілікке қатысқан оқырмандарымыз мол әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 42135

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Ақпан 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 5 1
week 6 2 3 4 5 6 7 8
week 7 9 10 11 12 13 14 15
week 8 16 17 18 19 20 21 22
week 9 23 24 25 26 27 28 29

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1651
mod_vvisit_counterКеше6961
mod_vvisit_counterОсы жұмада8612
mod_vvisit_counterОсы айда150130
mod_vvisit_counterБарлығы7368251

Қазір сайтта: 90

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%