29.03.2016 15:55

Н А З А Р А У Д А Р Ы Ң Ы З ! С А Й Ы С !


Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2016 жылдың 2-22 сәуірі аралығында

Халықаралық балалар кітап күні мен

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 40 жылдығына

арналған қалалық КІТАП МЕРЕКЕСІН өткізеді


Мерекеге байланысты ұйымдастырылған төмендегідей сайыстарға қатысуға шақырамыз:

 

«Кітапханаға шат күлкі сыйлайық» атты фотобайқау:

талаптар:

• сайысқа қатысушылар 1-4 сынып оқушылары;

• бүлдіршіннің кітапқа, кітапханаға, кітапханашыға деген шынайы құрметін, ризашылығын, қуаныш сезімін бейнелейтін қызықты сәттерде түсірілген фотожұмыстар тапсырылуы тиіс;

• фотосуреттер міндетті түрде түрлі-түсті болуы қажет;

• электронды фотосурет 1400х1800 пиксель көлеміндегі JPEG форматында қабылданады:

• басып шығарылған сурет көлемі А-4 форматта, яғни 210х297 см көлемінде болуы тиіс;

• фотосурет анық, жақсы сапада сандық өңделмеген, фотомонтажсыз болуы керек;

• суретте авторлық белгілер және түсірілген уақыты мен күні көрсетілмеуі тиіс;

• әр фотосуретке қосымша жеке А-4 көлеміндегі парақта қазақ және/немесе орыс тілдерінде, баспа түрінде жұмыстың атауы және өз көзқарастарын білдіре отырып тақырыпты ашатын қысқаша түсіндірме, ұран немесе сөз тіркесі жазылуы тиіс;

• сонымен қатар автордың аты-жөні, тегі (толық), мектептің аты, сыныбы, жасы, мекен-жайы және байланыс телефоны көрсетілген мәліметтер тапсырылуы керек;

• түсіріліп, ұсынылған фотосуреттер қатаң түрде конкурстың шарттары мен тақырыбына сай болуы қажет;

• фотожұмыстарды кәсіби қазылар алқасы бағалайды;

• іріктеуден өткен фотосуреттер ОКЖ сайты www.cbssemey.kz мен «В Контакте» тобындағы әлеуметтік жүйеде (http://vk.com/cbssemeykz) онлайн дауыс беруге қойылады.

• бір қатысушыдан (ұжымнан) бір ғана жұмыс қабылданады.

 

«Мен кітапхананы жырлаймын» атты жас ақындар сайысы.

талаптар:

• сайысқа қатысушылар 5-7 сынып оқушылары;

• арнаулар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады;

• тапсырылған жұмыстармен бірге сайыскер туралы қазақ және орыс тілдеріндегі қысқаша өмірбаяндық мәліметтер мен фотосуреті электронды нұсқада қоса беріледі;

• сайыскерге өз шығармасын мәнерлеп оқу қажет емес;

• жазбаша түрдегі арнау-өлеңдерді кәсіби әділ қазылар алқасы бағалайды;

• автордың аты-жөні, тегі (толық), мектептің аты, сыныбы, жасы, мекен-жайы және байланыс телефоны көрсетілген мәліметтер тапсырылуы керек.

Жазылған арнау электронды және басып шығарылған түрде төмендегі талаптарға сай болуы керек:

• шрифтісі - Times New Roman, көлемі - 14;

• жол аралығы – 1,5;

• поэзиялық шығарма 16 жолдан аспауы қажет.

 

«Шын жүректен...» атты бейне-құттықтау сайысы:

талаптар:

• сайысқа қатысушылар 8-10 сынып оқушылары;

• сайысқа Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бөлімшелері мен Қалалық орталық кітапхана қабырғасында түсірілген Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері мен оқырмандарына арналған жылы лебізге толы кез келген проза, өлең, арнау, ән, өсиет әңгіме түріндегі құттықтау бейнероликтері қабылданады;

• тапсырылған жұмыста сайыскер туралы мәліметтер болуы қажет: аты-жөні (толық), жасы, мектеп, сыныбы;

• бейнероликтер қазақ және орыс тілінде қабылданады;

• сайысқа қабылданатын бейнероликтер форматы: (AVI формат мүмкіндігінше, WMV);

• бейнероликтің минималды рұқсат етілуі (разрешение) – 800x600 (көлденеңінен және тігінен пиксельдердің саны);

• Media Player Classic бағдарламасы форматында оқылатын бейнеролик;

• бейнесюжет ұзақтығы 2-3 минуттан аспауы керек;

• түсіруге кез-келген аппаратураны қолдануға болады: бейнекамера, фотоаппарат, ұялы телефондар.


САЙЫСТАРДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ:

сайысқа өтініш 1 наурыздан 1 сәуірге дейін сайыскерлердің мекен-жайлары бойынша орналасқан кітапхана-бөлімшелерінде қабылданады;

сайысқа қатысатын талапкерлер өтініште мына мәліметтерді көрсетуі керек: аты-жөні (толық), жасы, мекен-жайы, телефоны;

 сайыс қорытындысы 22 сәуір күні сағат 11:00-де Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында өтетін Кітап мерекесінде жарияланады;

 қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылады;

 сайыс жеңімпаздары сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталады;

 жеңімпаздардың жұмыстары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтында жарияланады www.cbssemey.kz

Сайысқа өз жұмысын жібере отырып, авторлар Ұйымдастыру комитетіне автоматты түрде оларды коммерциялық емес мақсатта пайдалану құқығын береді - (Интернет, мерзімді баспасөз беттерінде жариялауға және көрмелер мен стендтерге орналастыруға). Сайысқа жіберілген жұмыстар қайтарылмайды және рецензия жасалмайды.


Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қалалық орталық кітапхана

Ак.Павлов көшесі, 105

тел.: 56-88-65, факс 56-01-21


Бөлімшелердің байланыс телефондары:

№2 кітапхана-бөлімшесі: 34-36-56

№6 кітапхана-бөлімшесі: 53-02-82

№12 кітапхана-бөлімшесі: 30-70-51

Балалар және жасөспірімдер кітапханасы: 56-74-36

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі: 35-85-96

Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесі: 50-25-16

Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесі: 64-45-72

Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесі: 34-46-31

LAST_UPDATED2