08.11.2010 13:37 |
2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: №12 кітапхана-бөлімшесіне (29 777,9 млн. теңге) ағымдағы жөндеу, сыртқы жөндеу жұмыстары, безендіру, сантехникалық жұмыстар, өрт сөндіру және күзет дабылдарын орнату жұмыстары жүргізілді, жекелеген ағымдағы жөндеу (4 036,0 млн. теңге) және өрт сөндіру дабылын орнату жұмыстары №2 кітапхана-бөлімшесінде (2 801,4 млн. теңге) жүргізілді. Қазіргі кезеңде Орталық кітапханада (23 200,0 млн. теңге) жөндеу жұмыстары аяқталды, бірақ бюджет қаражатының жетіспеушілігінен ақаулы актіден (дефектный акт) шатыр және еден жөндеу жұмыстары, өрт сөндіру дабылын құру, ғимараттың сыртқы жұмыстары, жарықпен безендіру, рампыны жөндеу жұмыстары алынып тасталды. Сонымен бірге №2, №6, Балалар және жасөспірімдер кітапханасы, Цемент және Шүлбі кентіндегі бөлімшелерде жалпы құрылыс, сантехникалық және электромонтаж жұмыстары, ғимараттың сыртқы жұмыстары, көркейту, жарықпен безендіру жұмыстарына, сонымен қатар Шүлбі кентіндегі бөлімшеде өрт сөндіру жұмыстарын, №2, №6, Цемент және Шүлбі кентіндегі бөлімшелерде күзет дабылын орнату жұмыстарын өткізу қажет, жалпы сомасы 30 771,5 млн. теңге. |
LAST_UPDATED2 |