№6 кітапхана-бөлімшесінде «Некрасов поэзиясы» атты әдеби сағат өтті.
18.12.2011 09:53

 №6 кітапхана-бөлімшесінде «Некрасов поэзиясы» атты әдеби сағат өтті.

Оқырмандардың әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығыушылығын оятуға, олардың шығармашылығына еркін жол ашуға, өздігінен ізденуге баулуға, оқушыларды көркем әдебиет оқуға тарту, көркем әдебиет оқу арқылы сауатты, білімді болуға, адамгершілікке, ізденімпаздыққа, мәдениеттілікке, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамытуға тәрбиелеу мақсатында Радиотехника және байланыс колледжінің 2 курс студенттеріне арнап орыс ақыны Н.А.Некрасовтың туғанына 190 жыл толуына орай «Некрасов поэзиясы» атты әдеби сағат өткізілді.

1 2

  Шараға жетекшілері Дюсембаева Асем Қалиасқарқызы қатысты. Әдеби сағат барысында кітапханашы ақының өмірімен, шығармашылығымен таныстырып, артынан қалған әдеби мұрасын насихаттап, кітаптарына библиографиялық шолу жасады.

3