04.12.2011 21:22 | ||||
Биыл 1986 жылғы Алматыда өткен «Желтоқсан» оқиғаларына 25 жыл толса, еліміздің егемендік алғанына 20 жыл болады. Сондықтан осы тарихи мерейтойларға арнап Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ай сайын әр түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Биыл 1986 жылғы Алматыда өткен «Желтоқсан» оқиғаларына 25 жыл толса, еліміздің егемендік алғанына 20 жыл болады. Сондықтан осы тарихи мерейтойларға арнап Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ай сайын әр түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Сол шаралардың бірі қараша айының 23 күні «Жасұлан» дарынды балаларға арналған ерлер лицейінің қатысуымен әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында 20 жыл ішінде біздің еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқтала келіп, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдерінен ақпарат берілді. Сонымен қатар кеш қонақтарының назарына «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері» атты электронды дыбыстандырылған презентация ұсынылды. Жасұлан лицейінің кітапханашысы Шолпан Алатайқызы мен көркем жетекшісі Гульнар Толеубайқызының жетекшілігімен Қ. Рысқұлбековты қамауға алынған кезінен қысқаша «Желтоқсан оқиғасы» атты драмалық көріністі ұландар тобы көрсетті. Н.Тілендиевтің «Әлқисса» атты күйін күйшілер тобы және 62 взводтың ұландары Асқаров Бақдәулет, Ержан Арыстан «Біз жауынгер» әнін орындады. Ұландар дайындаған «Тәуелсіздік таңы» атты әдеби монтаж көрсетіліп, «Жас ұлан» маршы хормен орындалып, 102 взводтың ұланы Кәкім Сүндетхан қонақтар назарына Дәулеткерейдің «Түркімен» күйін үсынды. Бұл кештің негізгі мақсаты – өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға шақыру арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
|