Балалар және жасөспірімдер кітапханасында № 4 мектептің 5сынып оқушыларының қатысуымен ақын «Әнуарбек Дүйсенбиев – 80 жаста» атты әдеби сайыс өтті.
31.10.2011 08:15

Мақсаты: ақынның өмірбаянымен және шығармаларымен таныстыра отырып оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кітапханашы Сағынбаева А. С. ақынның өмірбаянымен шығармашылығына тоқталып өтті.

Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқасы сайланды. Шара барысында оқушылар «Жас қанат» және «Талант» командасы болып бөлініп, балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтуда сайысқа түсті. Ә. Дүйсенбиевтің бір өлеңін «Жас қанат» бастаса, «Талант» тобы жалғастырды. Осы сайыс арқылы команда мүшелерінің қаншалықты ақынның өлеңдерін білетіндігі анықталды.

Сонымен қатар ақынның шығармашылығына байланысты мынандай сұрақтар қойылды:

1. Ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келді ?

2. Ақынның алғашқы өлеңі қай жылы жазылды ?

3. Ақын басқа ұлт ақын, жазушыларының қандай шығармаларын қазақ тіліне аударды?

оқушылар өздерінің білгірлігімен ерекшеленді. Әдеби сайыс соңында №4 мектептің оқушысы Мамырбеков Ерасыл «Ақ мамам» әнін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.