Қарттар ғұмырын құрмет ұзартады PDF Басып шығару E-mail
Автор: Administrator   
11.10.2011 19:16

Қарттар ғұмырын құрмет ұзартады


 

«Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «20 жарқын іс» шарасы аясында Қарттар мен мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі жандарды рухани құндылықтар арқылы қолдау мақсатында 2011 жылдың 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «ЖАҚСЫ АДАМДАРҒА - ЖАҚСЫ КІТАП» қайырымдылық акциясын өткізді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан — Қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіп, қарияларымызға құрмет көрсетіледі.

Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.

Қарттар күнінің маңызы, аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.

Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек.

Ісі ұрпаққа үлгі - өнеге болатын қадірменді қариялардың елге сіңірген ерен еңбектерінің ешқашан өшпей, ұрпақтар санасында мәңгілік сақталынып, олардың жалпы өзекті мәселелерді шешуде даналық ақыл-кеңестерінің, ағалық ақылдары мен иманды сөздері маңыздылығын жоймайды.

«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі. Біздің қоғамымыздағы түсіністіктің, сыйластықтың орнауында Елбасы жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатпен бірге аға ұрпақтың да үлесі бар. Сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері – ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін құрбан еткен қариялармыздың да арқасы.

Қазақтар «Төрінен қарт кетпесін» дейді, жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағынды сақтау. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған орны, қадір-қасиеті ерекше биік. Сол себепті олардың «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса» деген бар тілегін, үміт-арманын ақтау парызым деп білуіңіз керек.

 

SAM 1326

Осы тұрғыда акция аясында жастарымзға үлкенді сыйлай отырып, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында көптеген мәдени шаралар, кездесу кештері өткізілді. Қалалық орталық кітапханада қазаның 3 жұлдызында кітапхананың құрметті зейнеткерлеріне, қаламыздағы қарттар үйі, жалғыз басты қызметкерлерге қызмет көрсететін аймақтық орталық, балалар үйі, көп балалы және отбасы төмен балалар интернаты т.б. мекеме өкілдерінің қатысуымен қорытынды мерекелік кеш өткізілді.

 

10 SAM 1337

 

 

Бұл кеште бір ай бойы ізгі ниет білдіріп белсенді қатысқан адамдардың, кітапхана оқырмандары атап өтсек С.З.Тлеугабылова, Қ.Жидебаев, П.Магилевский, Г.Б.Куракова, Н.И.Пешкова т.б. арқасында жиналған 600 данадан аса жақсы кітаптарды жақсы адамдарға сыйлап, келген қонақтарға Достық үйі өз ән шашуларын тарту етіп елдің ризашылығына бөленді.

 

SAM 1345 SAM 1340

 

SAM 1332 SAM 1355

Кеш соңында құрметті қонақтарымыз ауқымды шараның өз дәрежесінде өткендігін атап өтіп, алғыс, тілектерін білдірді. Осы игілікті шараны ұйымдастырған кітапхана ұжымы тарпынан барлық оқырмандарымызға үлкен алғысымызды білдіре отырып, саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты дегендей, асыл жандарымызға ұзақ ғұмыр, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.

SAM 1349 3

 

С ответным словом от имени старшего поколения выступили постоянные читатели библиотеки, директор Дома дружбы Балгожиной Ш.О. Они поблагодарили сотрудников ЦБС за прекрасно организованный праздник, сказали напутственные слова присутствующей молодежи, пожелали успехов, развития творческого потенциала, здоровья для всех!

9 SAM 1365

 

 

№2 Кітапхана – бөлімшесінде №35 орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Қарттарға құрмет» атты кездесу кеші өткізілді.

 

 

3Тұла бойы тұнған шежіре, өнегеге тұрарлық салиқалы мінезді қазақтың көнекөз қарттары - ұлтымыздың сарқылмас қазынасы десек артық айтпаспыз. «Көңіл аудар даналардың сөзіне,адал жанды өнеге тұт өзіңе»-деп Баласұғын атамыз айтқандай, біздің үлгі тұтарымыз ата-әже, әке-аналарымыз. Оларды сыйлау – ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан дәстүр.

Кездесу кешін өткізу мақсатымыз - үлкенді сыйлау, құрмет көрсету, үлгі-өнеге тұтуға оқушыларды баулу. Кездесу кеші өту барысында кітапханашы Дюсупова М.Ш. Қарттарды құрметтеу мерекесінің тарихы тереңде емес екені, ол 1990 жылы желтоқсан айының 14-ші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды Халықаралық қарт адамдар күні деп есептеуге қаулы етілгені, бұл мерекенің тарихы XX ғасырдан бастау алғаны жайлы сөз қозғалды.

Кездесу кешіне кітапханамыздың тұрақты оқырмандары зейнеткерлер шақырылды. Бар өмірін медицинаға арнаған, профессор, көп жылдар бойы медициналық академияда ұстаздық еткен Искаков Төлеуғазы ағамыз,Тауырбек Сарқытжан ағамыз-көп жылдар ұстаздық еткен, «ағарту ісінің үздігі» атағының иесі , Садықов Манаш «Бура Найман шежіресі» авторы, ішкі-істер бөлімінің майоры қызметін атқарған адам. Кездесуге келген қарияларымыз өздерінің қиын да, қызықты өмір жолдарын , жастық шақтары туралы айтып берді. Бұл әңгімелері жастарға тәлім-тәрбие береді деген ойдамыз. Оқушылардың көмегімен дайындалған шағын концертті тамашалады. «Қариялар азайып бара жатыр», «Әкешім-анашым», «Ауылым» әндері шырқалды. «1қазан-Халықаралық қарттар күні» атты тақырыптық сөреге шолу жасалы. Кездесу соңында қонақтар дастарханға шақырылды.


LAST_UPDATED2