15.09.2011 18:37

 №6 кітапхана-бөлімшесі «Ақбілек»романының тілі мен стилі» атты әдеби сағат өткізді


9

Республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында биылғы жылы алаштың ардақты ұлы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын насихаттау мақсатында ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесі М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің 25 топ «режиссера» бөлімінің 2 курс студенттері арасында «Ақбілек» романының тілі мен стилі» атты әдеби сағат өткізді. Шараға музыкалық колледждің ұстаздары Бейсханова Айшагүл Калимбековнамен Камзин Болат Еркінбекұлы қатысты. Шара барысында кітапханашы Стамбекова Бақыт «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты – қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітапханаға, кітап оқуға тарту екенін айтып өтті. Әдеби сағатта кітапханашы «Ақбілек» романы – бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі екендігін, шығарманың бас кейіпкері Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер бере білгендігі туралы айтып өтті.

Шарада сөз алған кітапханшы Жұмабекова Гүлжанат романның тілі мен стилі, көркемдік ерекшелігі мен Ақбілектің тағдыры жайлы тақырыпта сөз қозғады. Шараға арналып «Ұлттық әдебиетіміздің үздігі» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылып, ақының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптармен, мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қойылды. Шара соңында «Ақбілек» романының электрондық көшірмесімен www.kazneb.kz сайтында таныса алатындықтары туралы ақпарат берілді.

LAST_UPDATED2