12.09.2011 20:24

 

«Балалар және жасөспірімдер кітапханасында білім күніне орай «Кел, балалар, оқылық» атты экскурсия өтті»

1Балалар және жасөспірімдер кітапханасында білім күніне орай «Кел, балалар, оқылық» атты экскурсия өтті. Оған қаламыздағы №17 мектептің 3 «б» сыныбының оқушылары қатысты.

Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызын, әртүрлі формадағы ойындар өткізе отырып, олардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін, кітап оқуға деген қызығушылықтарын артттыру.

«Кел, балалар, оқылық» атты экскурсияны кітапханашылар М.Жукенова және А.Сағынбаева жүргізді. Экскурсияға келген жас оқырмандарды кітапханашылар слайд арқылы «Библиорандеву» көрсете отырып, кітапхананың бөлімдерімен таныстырды. Келесі кезекте Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай дыбысталған «Тәуелсіздік хронологиясын» ұсына отырып, тарихымызға тоқталып өтті. Сондай – ақ, бұл саяхат сабақта кітапханашы Жукенова Меруерттің жүргізген «Мақал – мәтелдер» сайысы және «Әріптерге саяхат» ойындары ерекше болды. Мұнда бірінші сайыста аты айтып тұрғандай қағазға жазылған мақал – мәтелдерді рет-ретімен дұрыс тауып, орналастырса, ал екінші «Әріптерге саяхат» атты сайыста таңдалған әрбір әріптерге байланысты қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөз айтып жауап беру, бұл сайысқа оқушылар өз қызығушылықтарын білдіріп белсене жауап берді. Сонымен бірге кітапханашы Сағынбаева Айгүлдің «Сурет жұмбақ» және «Шар ішіндегі тосын сый» ойындары қызықты формада өтті және тартымды болды. Мұнда жұмбақтың жауабын экрандағы суреттерді таңдай отырып айтты. Шарды жарып, оқушылар әр қойылған сұраққа дұрыс жауап беріп, шардың ішіндегі сыйлықты ұтып алып, ризашылықтарын білдірді.2

Қызықты ойындар ойнап, көңілденген балалар келесі кезекте өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе осы сыныптың оқушылары Сламханова Дария, Нұрғалиева Дина, Ескалиев Рүстем, Мұратова Айша және Даулетова Аяжан тәуелсіздік, оқу – білім туралы өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнермен айтып берді.

Мынау жылдам қарқында дамып бара жатқан заманда ой маржаны да, сөз маржаны да – кітапта қалары сөзсіз. Сондықтан да біз кітапханашылар балаларды кітаппен дос болуға шақырамыз!

LAST_UPDATED2