06.09.2011 21:40

 

Ж. Аймауытовтың шығармашылық мұрасы

1№2 Кітапхана-бөлімшесінде № 8 балабақша қызметкерлерімен Ж.Аймауытовтың шығармашылығы бойынша «Ұлы тұлғаның даңқы сөнбес» атты ақпарат сағаты өткізілді.

2007 жылдан бастап «Бір ел-бір кітап» акциясын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы өткізіп келеді. Жобаның мақсаты – оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, ана тіліне деген қамқорлықты күшейту, сондай-ақ, жастарға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясында Алаштың ардақты ұлы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдап алынды. XX ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің көптеген жанрында өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алатыны сөзсіз. Жазушының «Ақбілек» роман – бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының, жалпы ұлттық ұстанымының өзгеру процестерін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Ақбілек басынан өткен оқиғалар арқылы жазушы сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы тағдырын бейнеледі. Бұл поэма қазақстандық поэзияның әнұраны десе де болады.

2Кітапхана қызметкері Дюсупова М.Ш.«Бір ел – бір кітап» жобасының шығу тарихымен таныстырып, биыл бұл акцияның біздің елімізде Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық академиялық кітапханасы және Кітапханашылар ассоциясының ұйымдастыруымен өтіп жатқандығы туралы баяндады. Ж.Аймауытовтың өмірі және шығармашылығымен таныстырды. Биылғы жылдың бас кітабы - «Ақбілек» романының мазмұнына көбірек тоқталып және оқырмандарды Ж.Аймауытовтың басқа шығармаларымен таныстырып өтті. Оқырмандар кітапханашы ұйымдастырған «Бір ел – бір кітап» атты Ж.Аймауытовқа арналған кітап көрмесімен танысып, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқуға алды.

LAST_UPDATED2