Бекхожина Талиға
16.10.2013 10:42

Бекхожина Талиға

(1919-1995)

 

            Музыкатанушы, әнші.

1919 жылы 11 желтоқсан күні Семей қаласында дүниеге келген.

            1963 жылы Алматы консерваториясын бітірген.

            Дарынды өнер зерттеушісі шығармашылығын әнші болудан бастады. 1941-1958 жылдары Қазақ филармониясының әншісі болды, Ұлы Отан соғысы жылдарында концерттік бригада құрамында жауынгерлерге өнер көрсетті. 1962-1980 жылдары Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының музыка бөлімінде кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді.

            Көп жылдар бойы фольклорлық экспедиция құрамында болған ол Қазақстанның және Өзбекстанның жергілікті тұрғындары арасынан бұрын белгісіз болып келген көптеген әндерді (1500-ден астам) нотаға түсіріп, жазып алды, халық шығармашылығының орындаушылары жайында деректер жинады. Ақын, әрі композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының әндерін жинап, ноталық негізін алғаш қағазға түсіріп, өзі алғыс сөзін жазды.

            1995 жылы 17 қыркүйекте Алматыда қайтыс болды.

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 205.