Әдеби өлкетану
Қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері қаламыздағы Көлік колледжі кітапханасымен бірлесе отырып №32 ТР-Э, 32-ЭА, 31-ДМ топ студенттеріне «Басты мақсат - ел қамы» атты дәріс өткізді.
15.03.2013 08:21

Шараның мақсаты – Елбасының Жолдауын бірлесе талқылау.

Осы шараға қатысқан колледж мұғалімдері биылғы Жолдаудың бұрынғы жылдардағы Жолдаулардан ерекшелігін, белгіленген 7 басым бағыттың қарапайым халықтың игілігіне арналғандығын әрі ел өмірін жақсартуға бағытталғандығы жөнінде өздерінің ой-пікірлерін білдірді.

Дәріс барысында кітапханашы Жолдауда Президентіміз елімізде тұрып жатқан көп ұлтты халқымыздың достығын, бірлігін одан әрі нығайту, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, олардың жоғары немесе арнайы орта білім алуларына барлық жағдай жасау, денсаулық сақтау, жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізе беру т.б. мәселелерді тілге тиек еткендігіне тоқтала келе, жолдаудың басты бағыттары мен Елбасының халыққа жүктеген тапсырмалары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әрбір қазақстандық өзін Отанын сүйетін патриот деп білсе, Жолдаудағы тапсырмаларды өзіне, менің баламның болашағы үшін деп қабылдаса, еліміздің әлемдегі абыройы мен атағы асқақтай берері сөзсіз.


1 2
 
«Президент бағыты – ел бағыты» атты дәріс наурыз айының 1 күні Семей Геологиялық Барлау колледжінің оқу залында І курс студенттеріне оқылды.
10.03.2013 16:16

Дәрістің мақсаты: «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауды жан-жақты талқылап, ой бөлісу. Оқушылырға Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Халықты бірлікке үндеген Президенттің осы Жолдауда қойған міндеттерінің Үкімет пен Парламентке зор жауапкершілік жүгін жүктейтінін байқадық. Өйткені, келе жатқан үлкен дағдарысқа ел экономикасын дайындауға баса көңіл бөлген Елбасы қоғамдағы зәру мәселелерге қатысты он бағытта түйінді мәселелелерді шешуге күш салу керектігін айтты.


1 2

 

Іс шара барысында кітапханашы Жолдаудың әр бағытына қысқаша тоқталып, Жолдауда білім-ғылым саласына да ерекше көңіл бөлінгенін, Елбасы алдағы уақытта осы салаға айрықша назар аударуды тапсырғанынын, біліктілік пен сапа жағына ерекше мән берілу керектігін айтып өтті. Интерактивті тақта арқылы Жолдауға байланысты слайд-шоу көрсетілді.

LAST_UPDATED2
 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №17 мектептің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлағат болсын ұлыма, Ғибрат болсын қызыма» атты ойын – сабақ өтті.
03.03.2013 21:52

Мақсаты: халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтылмаса керек. Халқымызда ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген, инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған.

Шара барысында оқушылар «Ұлдар» және «Қыздар» атты екі топқа бөлінді. Ойын төрт кезеңге бөлінді: 1 кезең «Мен саған – сен маған» тосын сұрақтар, 2 кезең «Салт – дәстүрді білесің бе?» слайд- викторина, 3 кезең «Ою – өрнек сәніміз» іс-тәжірибелік кезең, 4 кезең «Жалғасын тап» мақал-жарыстан тұрды.

Ойын барысында «Қыздар» тобы белсенділік көрсетіп білгірлігімен көзге түсіп бірінші орын алып, бас сыйлыққа ие болды. Осындай игі шаралар оқушыларымыздың жан дүниесіне әсер етіп, келешекте жақсы азамат болып өсуіне септігін тигізеді деп сенеміз.

 
№6 кітапхана-бөлімшесі М.Төлебаев атындағы Музыкалық колледждің 2-3 курс стендетеріне арнап "Қазақстандағы гендрлік саясат» атты құқық сабағын өткізді.
24.02.2013 01:06

Шараның мақсаты: Оқырмандардың құқықтық білімдерін арттыру. Еліміздің 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясымен таныстыру, істелініп жатқан жұмыстарға тоқталу.

 

SAM 4722 SAM 4737

Шара барысында кітапхана қызметкері "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы" төмендегідей тоғыз бөлімнен тұратындығына тоқталып өтті: 1 бөлім -Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету ─ уақыт талабы ; 2бөлім- Қоғамдық-саяси өмірдегі гендерлік теңдікке қол жеткізу; 3 бөлім- Экономикадағы гендерлік теңдікке қол жеткізу; 4 бөлім- Гендерлік білім беру. Құқықтық және гендерлік оқу-ағарту; 5 бөлім- Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығы бекемдеу;6 бөлім-Қоғамдағы жынысқа байланысты зорлық-зомбылықтың алдын алу; 7 бөлім- Отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу. Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту;8 бөлім Гендерлік сезімтал қоғамдық сананы жетілдіру; 9 бөлім- Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер.

Сонымен қатар шарада "Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты биылғы Елбасының Халқына Жолдауында үкіметке елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдік пен әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді тапсырғандығы туралы сөз қозғалды. Елбасы Жолдауында Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялағандығы туралы айтылды.

SAM 4742 ҚР Президенті жанында әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Гульшара Әбдіхалықоватың әйелдердің қоғамдағы ролі туралы "Қазақстан" телеарнасының жаңалықтарында сөйлеген сөзі, алимент төлеуден бас тартқан борышкерлердің жағдайы,үкіметтің жалғыз басты аналарға көрсетіліп жатқан көмектері бейнетаспа арқылы көрсетілді. Оқырмандарға гендерлік стратегиясын іске асыру шеңберінде қала әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның жұмысы жалғасын тауып жатқандығы туралы ақпараттар берілді. Шараға оқырмандар белсене қатысып сұрақтар қойып отырды. Шарада сөз алған оқырмандар: ұстаздары Бейсханова Айшагүль Калимбековна, студенттер Бауыржанқызы Ажар, Амантолеуов Жанболат, АбсалямовМ.,ТұрысбековаБ.

 
№12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Ислам тағылымы» атты имаммен кездесу өтті.
17.02.2013 22:16

1Іс-шараға Семейдің көп-салалы колледжінің 24 студенті қатысты. Кешке «Тыныбай» мешітінің имамы Бекзат Боранбайұлы Баешов шақырылды.

Шараның негізгі мақсаты – жастарымызды адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу, бойларына адамгершілік, әдептілік, үлкендерге – құрмет, кішілерге-ізет қасиеттерін сіңіру.

Іс – шара 3 бөлімге топтастырылып, кіріспеде – Ислам дінінің пайда болуы, Қазақстандағы дінге деген бетбұрыс, көзқарастар баяндалып, негізгі бөлімде – имам Ислам діні жайында, Пайғамбарымыз Мұхаммед туралы, мұсылмандықтың негізгі міндеттері мен парыздары жайлы әңгіме өрбіді.

Кеш соңында имам студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, соңында құран оқып, жастарға батасын берді.

Сырттан келіп жатқан әр түрлі діни ағымдардан аулақ болуға, тек қана бір Аллаға сиынып, діни сауатты етіп жастарды тәрбиелеу қажет екені түсіндірілген бұл кездесудің жастарға берер пайдасы мол болды деген ниеттеміз. Шараға арнайы «Ислам тағлымы» атты көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға ұсынылды.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL